Афины олимпиадасының жүлдегері Сергей Филимонов: Ішімдікті тастадым, спортқа оралсам деймін

Сейсенбі, 8 Қараша , 2016 9:34

2004 жылы Афиныда өткен олимпиада ойындарында ел намысын қорғап, ауыр атлетикадан күміс жүлдегер атанған Сергей Филиминовтың тағдыры әркімді де ойлантпай қоймайды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20161107171230

Бұл күндері Сергей техникалық жөндеу станциясында көлік жөндеумен айналысып жүр. Әрине, 77 келіде Сидней мен Афины олимпиадасына қатысқан, Европа мен Азия чемпионаттарында олжа салған, “Құрмет” орденінің иегерінің бұлайша жүргені таңқалдырмай қоймайды.

Спортшы әлі де спортқа қайта оралуды армандайды. Афины олимпиадасынан соң ол Талдықорған-Үштөбе тас жолында 23 жастағы жігітті қағып кетеді. Жігіт өліп кеткенімен, оның туыстары чемпионға кешірім берген. Бірақ, Сергей осы жағдайдан соң қатты күйзеліске түсіп кетеді. Осыдан соң араққа салынып, спортпен қош айтысып, отбасын да тастап кетеді. Спортшының сөзінше, ол қазір ащы судан татып алмайды. Есесіне салауатты өмір салтына қайта оралған.

“Менің өзім тағдырым осылай болады деп ойламадым. Мен ішкеннен кейін барлық байлығымнан айырылып қалдым. Оның ішінде құрмет те, атақ та, дос та, ақша да бар еді. Тіпті медалдарымның қайда қалғанын да білмеймін. Бірақ, қазір спортқа қайта оралғым келмейді, әрине спортшы ретінде емес, бапкер ретінде”, – дейді спортшы.

Бірақ, оны шақырған күнде де бәрібір бапкерлердің жалақысы аз дейді. Ал мұнда көлік жөндеп айына 200 мың теңгедей табыс табады екен.

“Қазір отбасыммен біргемін. Екі бала тәрбиелеп отырмыз. Олар да спортқа жақын”, – дейді Сергей. Ол қиын кездерде Ресейге кетіп, сол жақтың азаматтығын да алған. Енді азаматтық мәселесін қайтадан Қазақстанға ауыстырсам деген мақсаты бар. Спорт саласынан тұрақты жұмыс тауып, бала тәрбиелеуді қолға алуды армандап жүр.

Оқи отырыңыз:

Словакиялық футболшы ойын алдында төрешіге ұсыныс жасады

Профессор: Ақтауда зорланған 6 жасар қыздың жағдайы енді жақсармайды

ОҚО-да Қайрат Нұртас мүгедек балаларға тосынсый жасады (видео)

Қазақстандық жұлдыздар тойдан қанша табыс табады?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар