Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Афины олимпиадасының күміс жүлдегері көлік жөндеп күнелтіп жүр

Қазақстандық даңқты ауыр атлет, 2004 жылы Афины жерінде өткен олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған Сергей Филимоновтың қазір қайда жүргенінен көпшілік бейхабар.

perepechyonov

Бұл туралы alaman.kz сайты хабарлайды.

Сергей 1975 жылы Алматы облысы, Қаратал ауданына қарасты Үштөбе ауылында дүниеге келген. Ауыр атлетикаға қызыққан Сергей 9 жасынан бастап спорттың осы түрімен ден қойып айналыса бастады. 1995 жылы Европа чемпионатында алтын еншілесе, 1998 жылы Банконгтегі Азия ойындарында қола, 2002 жылы Пусандағы Азия ойындарында алтын алып ел мерейін үстем етті.

ыыффф

Сергей Қазақстан құрамасының Афины олимпиадасындағы басты үміттерінің бірі болды. Ол сол үмітті ақтады десек те болғандай. Төрткүл дүние бас қосқан аламанда оза шауып, күміс жүлдені қанжығаға байлады. Ауыр атлетикадан Қазақстанның айтары бар екенін Сергей сол уақытта-ақ әлемге айқындап берген.

filimonov

Алайда, осыдан соң Сергей қиын жағдайларды бастан кешті. 2005 жылы тамыз айында көлігімен келе жатып, жол апаты орын алып 23 жастағы жас жігіттің өліміне себепші болады. Кешірімін алып, темір тордан құтылғанымен физикалық әрі психологиялық тұрғыдан күйреп біраз уақыт елден жыраққа кетеді.

4015-1

2007 жылы елге оралып, ауыр атлетикаға қайта оралмашы болғанымен, ескі жарақаттары қайта сыр беріп атлеттің адымын аштырмайды. Қазір Сергей Филимонов Талдықорғанда көлік жөндеу мекемелерінің бірінде жұмыс істеп, табыс тауып жүр. Тағдырдың толқыны кешегі чемпионды осылайша басқа арнаға салып қоя берді.

Талқылау