Адвокат: Кузнецовқа іздеу жариялайтындай негіз жоқ
Александр Кузнецовтың адвокаты Алма Мусинаның айтуынша, айыпталушыға іздеу жариялайтындай негіз жоқ.
Фото: Тимур Батыршин
«Александр Кузнецовты елден кеткені үшін жауапқа тарта алмайды. Оның әрекеті заңға қайшы болған жоқ. Тағылған айппұлды төлеп, бостандыққа шықты. Облыстық соттың заңды күші бар Жарлығының күшін жойғаны туралы хабарлау қажет», – дейді адвокаты Алма Мусина.
Адвокат Sputnik басылымына берген жауабында Кузнецовтың шетелде жүріп өзіне тағылған айыпты естімеуі де мүмкін екенін айтты. Одан бөлек облыстық соттың жәбірленуші тарапынан апелляциялық шағымды қарамауы тиіс болғанын айтты. Сот үкіміне сәйкес, апелляциялық шағым тек прокурор тарапынан берілуі тиіс еді.
Бұрынғы Жоғарғы сот төрешісі Николай Мамонтов та бұл ойды құптады.
Оның айтуынша, облыстық сот Кузнецовты қауіпті қылмыскер деп шешім қабылдаған жоқ. Сонымен қатар әкімшілік түзеу мекемесі айыпталушының мерзімін толық өтеудің маңызы жоқтығын көріп, қалған жазасын жеңіл жазаға ауыстырды.
«Біріншіден, мен Жоғарғы сот төрағасы Асановтың атына өтініш жазудамын. Облыстық соттың шешімді қайта қарауын сұраймын. Екіншіден, Бас прокурор Қожамжаротың атына өтініш дайындап жатырмын. Бірінші сатыдағы соттың қаулысы, яғни Қапшағай қалалық соты заңды болғандықтан, қадағалаушы орган ретінде жауап беруге тиіс», – дейді Алма Мусина.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда «Чукотка» барының маңындағы төбелес үшін сотталған азаматтың жақында ғана бостандыққа шыққанын хабарлаған болатынбыз. Алайда, оның жазадан оңай сытылып кеткенін естінен марқұмның туыстары сот шешімне шағымданып, Кузнецовты қайта қамауға алуды етті. Ал, түрмеге жабылуы тиіс Александр Кузнецов Қазақстаннан кетіп қалған.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.