Адвокат: Гауһар Әлімбекованы аппеляциялық сот алқасында ақтап аламыз

Бүгінде әнші Гауһар Әлімбекованың ісімен үш бірдей қорғаушы айналысуда. Екеуі Алматыда, біреуі Астанада – деп хабарлайды әншінің қорғаушысы Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында.

Адвокат: Гауһар Әлімбекованы аппеляциялық сот алқасында ақтап аламыз

Осыдан төрт күн бұрын темір қапастан босап шыққан белгілі әнші Гауһар Әлімбекова өзінің инста-парақшасы арқылы көпшілікке алғыс білдіріп бейнежазба жариялаған болатын. Бұған дейін Алматының Алмалы аудандық соты Әлімбекова адвокатының “оны қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қолхатпен босату туралы” өтінішін қанағаттандырған болатын. Қазір бостандықта жүрген әншінің ісімен үш бірдей білікті авдокат айналысуда.

Солардың бірі – Шынқуат Байжанов. Ол жиырма жылдан бері Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты. Алғашында қорғаушыға белгілі әншінің өзі хабарласып өтініш білдіріпті. Сөйтіп, Шынқуат әншінің өтінішін жерге тастай алмаған. Және белгілі эстрада жұлдызынан бір тиын да сұрамағанын жеткізді.

«Алдын-ала сотқа дейінгі тергеу құжаттарымен бәрімен танысып, қарап Гауһардың өзімен сөйлестім. Осы іс бойынша кейбір білетін адамдардың сөздерін тыңдап, бір тоқтамға келіп отырмыз адвокаттардың барлығы. Гауһардың іс-әрекетінде қылмыстың белгісі жоқ», – дейді әншінің қорғаушысы.

Алты жылға бас бостандығынан айырылған әншінің сотта қылмысы толығымен дәлелденсе де, үш бірдей қорғаушысы әншіні ақтап шығатындарына сенімді.

«Гауһардың айтуы бойынша: «Бақыттың ұлына жылап отырғаннан кейін 100 мың, 200 мың кредиттін жабуға көмектесіп жүрген». Жаным ашығаннан кейін, себебі Фируза ақшаны қайтарамын деді, мен ақшамды аламын, оның да ақшасын аламыз деген екен. Міне, осындай мәселелер Гауһарды аппеляциялық сот алқасында толық ақтап аламыз деген сенімді ұялатады», – дейді қорғаушы Шынқуат Байжанов.

Алайда, әнші сот барысында өз кінәсін мойындамаған болатын. Ал, жәбірленуші Бақыт Назарова болса, 2013 жылы 40 мың долларды өз қолымен әншіге санап бергенін жеткізген-ді. Тіпті, экс-құрбысы сұраған қаржыны жинап беру үшін алты бірдей несие алып, ұлының көлігін сатқан.

Ал, әншінің екінші қорғаушысы Тұрсын Төлегенова көпшіліктен жалған ақпарат таратпауын сұрайды. Әсіресе, бейнежазба мен сурет. Себебі, жүріп жатқан тергеу амалдарына кері әсерін тигізетін көрінеді. Еске салайық, әнші әрі сазгер Гауһар Әлімбекова 30 қаңтарда алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар