Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адвокат Абзал Құспанов қамауда отырған Сайрагүл Сауытбайдың жағдайы туралы айтты

Балаларын көру үшін Қытай шекарасын заңсыз кесіп өткен Сайрагүл Сауытбайдың тағдыры барша қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Себебі бұған дейін қоғам белсенділері Қытайға қайтарылған жағдайда, Сайрагүлдің өлім не болмаса өмірлік түрме жазасына кесілуі мүмкін екенін айтқан еді.

Өлім жазасы күтіп тұр: Қандасымыз балаларын көру үшін Қытай шекарасын заңсыз кесіп өткен

Бұл орайда бір топ журналистер адвокат Абзал Құспановпен бірге Жаркент түрмесінде отырған Сайрагүл Сауытбайдың жағдайын біліп қайтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы журналист Сәуле Әбединова желідегі парақшасында хабарлады.

“Қорғастан шыққан соң Жаркентке бет алдық. Уақытша тергеу изоляторында қамауда отырған Сайрагүл Сауытбайға адвокат Абзал Құспан жеке кездесіп, оның хал-жағдайын біліп шыққан еді.

“Сайрагүлдің жағдайы жаман емес, бәріңізге сәлем айтып жатыр, рахмет айтып жатыр…” дейді. Шекараны уақытша құжатпен бір күнге заңды түрде кесіп өтіп, кері қайтпай қойған Сайрагүлге саяси баспана беру мәселесін шешуге болады дейді адвокат”, – деді ол.

Ал Абзал Құспанов Сайрагүл үшін алаңдап отырған ел тұрғындарына қуанышты хабарды жеткізді. Ол ең алдымен, тергеуші болып бекітілген Влад Антоновтың қазақшаға судай екенін айтты.

“Біріншіден, ол кісі кіруіме ешқандай кедергі келтірген жоқ. Қаулысын шығарып, қолыма ұстатты. Қазір Жаркент қаласындағы ішкі істер бөлімінде уақытша қамауда отырған Сайрагүлге кірмекпін.

Бірінші мәселе тілге қатысты. Влад Антоновтың өзі қазақ тілінде таза сөйлейді екен. Оның айтуынша, Сайрагүлдің қытай тілінде жауап беруі – оның өз қалауы. Өйткені қазақша оқи алмайды”, – деген Абзал Құспанов бұдан кейін Сайрагүлдің жағдайы туралы да айта кетті.

“Жаркент аудандық ішкі істер бөліміндегі уақытша қамауда отырған Сайрагүл Сауытбайдан шығып отырмын. Әзірге көңіл көншітерлік жауап айта аламын деп ойлаймын. Біріншіден, дені сау. Осы кезге дейін бір жұманың үстінде артынан тамақ не болмаса киімдері келмеген. Алайда енді тамақты да, киімді де, жеке басына қажетті басқа да заттарды кіргіздік. Оның өзінің көңілі қатты көтеріліп қалды. Кей ақпараттарда айтылып кеткендей, жалаң аяқ екен деген сөздердің бәрін теріске шығарды”, деді ол.

…Қорғастан шыққан соң Жаркентке бет алдық. Уақытша тергеу изоляторында қамауда отырған Сайрагүл Сауытбайға адвокат Абзал Құспан жеке кездесіп, оның хал-жағдайын біліп шыққан еді… “Сайрагүлдің жағдайы жаман емес, бәріңізге сәлем айтып жатыр, рахмет айтып жатыр…” дейді. Шекараны уақытша құжатпен бір күнге заңды түрде кесіп өтіп, кері қайтпай қойған Сайрагүлге саяси баспана беру мәселесін шешуге болады дейді адвокат.

Публикация от Сәуле Әбілдаханқызы (@saule_abedinova)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау