Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділет министрлігі: Сот Қазақстанның Швеция активіндегі 22 млрд долларды бұғаттан шығарған жоқ

“Стокгольм Округтік соты Қазақстан Ұлттық қорының Швецияға салынған активін бұғаттау туралы бұған дейін қабылданған бұйрықты күшінде қалдырды” деп хабарлады бейсенбіде Қазақстан әділет министрлігі.

Министрлік ақпаратына қарағанда, Нидерланд соты мұндай шешімді 24 қаңтар күні шығарған.

2018 жылғы 24 қаңтарда Стокгольм қ. округтік соты Ұлттық қордың Швецияда орналасқан активтеріне тыйым салу жөніндегі бұдан бұрын қабылданған бұйрықтың күшін жоймау туралы шешім қабылдады.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, шведтік сот Ұлттық қордың 33 шведтік компанияның акциялары түріндегі жалпы сомасы шамамен 100 млн. АҚШ доллары көлеміндегі активтеріне иелік етуге және Қазақстанның Швециядағы Елшілігінің банк шоттарына уақытша шектеу қойды.
 
Кейін Қазақстан Республикасының өтінішхаты негізінде Елшіліктің шоттарынан ауыртпалықты алып тастауға қол жеткізілді.
 
Алайда, сот активтердің мәртебесі, Ұлттық банктің құқықтық жағдайы және оның Ұлттық қордың қаражатын басқару бойынша өкілеттіктері туралы дәлелдерді назарға алмады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Ұлттық банк тыйым салынған қаражаттың халықаралық келісімдерге сәйкес қол сұғылмайтындығын дәлелдей отырып, аталған шешімге Швецияның Апелляциялық сотында шағым жасайтын болады.

Астана бұған дейін Амстердамның Округтік соты 23 қаңтарда Қазақстан Ұлттық банкінің New York Mellon (BK.N) банкінде сақталған Ұлттық қор қаржысын бұғаттан шығару туралы өтінішін орындағанын хабарлаған.

Тағы да оқыңыз:

Кешір, ұлым: Ақын Қалқаман Сарин ұлынан айырылған журналистің атынан өлең жазып жұртты жылатты

Талдықорғанда телефонда көп отырма деп ескерту алған оқушы асылып қалды

Талқылау