Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділбектің күмісінен соң Қазақстан жалпы есепте бір сатыға жоғарылады

81 келіде сынға түскен Әділбек Ниязымбетов олимпиада ойындарының күміс жүлдесін алғаннан кейін, Қазақстан құрамасы жалпы есепте бір сатыға жоғарылады.

20160806144128

Риодағы 31-ші жазғы олимпиада ойындарының 14-ші күнінде Қазақстан құрамасының қоржыны 14 жүлдемен толығып тұр. Боксшы Әділбек Ниязымбетов күміс медаль алғаннан кейін, Қазақстан құрамасы 19-шы орынға жоғарылады. Еске сала кетейік, Әділбек осымен екінші олимпиадасында тек күміспен шектелуде. Оның кубалық қарсыласы Хулио Сезар Ла Крус бұл жолғы жекпе-жекте де басымдық танытты.

Осылайша Қазақстан спортшыларының еншісінде 3 алтын, 4 күміс, 6 қола жүлде бар. Ал тағы бір жүлдені еншімізге еркін күрес шебері Гюзел Манюрова салады. Тек оның алтын немесе күміс болатыны сәл кейінірек белгілі болмақ.

Бұған дейін 96 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ауыр атлет Ниджат Рахимов, 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий Баландин және 69 келі салмақта сынға түскен боксшы Данияр Елеусінов олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Бұл спортшылардың барлығы олимпиада ойындарындағы тұңғыш жүлделерін иеленіп отыр.

Ал 60 келі салмақта дзюдошы Елдос Сметов, боксшы Василий Левит пен Әділбек Ниязымбетов және ауыр атлет (69 келі) Жазира Жаппарқұл олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Ел қоржынына қола жүлдені ауыр атлеттер Корина Горичева (63 келі), Фархад Харки (62 келі), Александр Зайчиков (105 келі) және еркін күрес шебері Эльмира Сыздықова (69 келі), дзюдошы Отгонцецег Галбадрах (48 келі) және жеңіл атлет Ольга Рыпаковалар салды. Осылайша Ольга Рыпакова Қазақстан тарихында жеңіл атлетикадан екі олимпиадада қатарынан жүлде алған алғашқы спортшы атанды.

Ал Қазақстан құрамасы әзірге 19-шы орында келе жатыр. Алғашқы үштікте АҚШ, Ұлыбритания, Қытай құрамалары бар.

Талқылау