Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділбек Жақсыбеков 2022 жылға дейін қызмет атқаратын болды

Нұрсұлтан Назарбаев президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбековтың өкілеттілігін созу туралы шешім қабылдады.

f24fb1d63c980422e9ff81d0168

Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

“Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы” заңына сәйкес ҚР президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековтың өкілеттілігі 2022 жылдың 26 шілдесіне дейін созылды”, – делінген хабарламада.

Әділбек Жақсыбеков әр жылдары Астана қаласының әкімі, индустрия және сауда министрі, Қазақстанның РФ-дағы елшісі, қорғаныс министрі және мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарды.

Оқи отырыңыз:

Елбасы әзіл айтып Германия президентін күлдірді

Мәсімов шпиондардың Қазақстанның құпия құжаттарын қалай ұрламақ болғанын айтты

Бас прокурордың бірінші орынбасары тағайындалды

Пара алды деп күдікке ілінген Фармация комитетінің басшысы Лариса Пак туралы не білеміз

Талқылау