Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділбек Ниязымбетов екі айдан соң шаңырақ көтермек

Олимпиадалық ойындардың екі дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов үйленбекші.

e7cc0bed-f2b5-410b-92ae-244f733315ed

Фото: today.kz

Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

Әділбек Ниязымбетов Токиодағы олимпиадаға әзірлене ме, ол жөнінде әлі шешім қабылдаған жоқ. Алайда өз сүйіктісін тапқанын сеніммен айтқан спортшы екі айдан кейін үйленеді екен.

“Өкінішке қарай мен өз жаңалығыммен жанкүйерлерімнің ұнжырғасын түсіруім мүмкін, бірақ шынымды айтайын, менің қалыңдығым бар және бір-ер айдың ішінде үйлену тойы өтеді”, – деді боксшы.

Әділбек Ниязымбетов кіммен сайысқа түсу қиын деген сұраққа, барлық қарсыластарым да күшті болды, деп жауап қайтарды.

“Өте қиын болды, Қазақстанның бүкіл халқының сенімін ақтау қажет болды. Біз қолдан келгеннің бәрін істейміз. Дегенмен финалдық ұрысқа қанағаттанбаған сезім қалды. Жеңуіме де мүмкіндік бар еді, бірақ оның сәті түспеді. Соған өзіме ызам келіп жүр, “алтынға” қолсозым қалғанда, жете алмадым. Президент мені алтын чемпион есебінде марапаттады, мен бұған қуаныштымын, алайда бәрібір тұғырдың бірінші сатысында тұрмағасын өзіме ренжулімін”, – деді Әділбек Ниязымбетов.

Әділбек Ниязымбетов Ақтау халқына қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

“Мен облыстық спорт басқармасына және өзімнің жаттықтырушым Марат Жәкиевке қолдауы үшін ризамын. Олимпиада кезінде маған WhatsApp арқылы біздің ұрыстардың бейне онлайн-трансляциясын жіберді. Бұл ман күш берді, бар күш-жігерімді жұмсауға жаныды, өйткені ол үлкен жауапкершілік болатын”, – деп атап өтті Ниязымбетов.

Еске сала кетейік, Риодағы Олимпиадада 81 келіге дейінгі салмақтағы қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов әлемнің үш дүркін чемпионы (2011, 2013, 2015) кубалық Хулио Сесар ла Крусты еңсере алмады.

Еске сала кетсек, бұған дейін чемпиондарды қабылдаған президент күміс жүлде алған Әділбек Ниязымбетов пен Василий Левитті “олимпиада чемпионы” деп есептеу керектігін айтқан еді.

Оқи отырыңыз:

Әділбек Ниязымбетов: Өзім таңдаған аруым бар

Ниязымбетов: Қиянатқа қалай шыдауға болады, айтыңдаршы…

Егор Мехонцов: Әділбекті ұтқан кубалықтың өнері бокс емес порнография

Талқылау