Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділбек Ниязымбетов денсаулығына байланысты спорттағы мансабын аяқтады

2012 және 2016 жылғы олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері әлемнің вице-чемпионы, Азия чемпионы Әділбек Ниязымбетов спорттағы мансабын аяқтайды.

Бұл туралы бокс бойынша ұлттық құрама команданың бас бапкері Мырзағали Айтжанов мәлімдеді, деп жазады Sports.kz.

“Әділбек бізден ақылдасып осындай шешімге келді. Ол Қазақстан атынан бірнеше жыл шығып, көптеген жеңіс әкелді. Қазақстанның туын желбіретті. Оның жарақаттары бар. Оны емдеу керек. Оған ұзақ уақыт керек. Біз үшін бірінші спортшының денсаулығы маңызды. Біз оның шешімін қолдадық. Еңбегіне алғыс айттық. Жеке өзімнің және барша бапкерлік құрам атынан Әділбекке табыс тілеймін. Алдағы бастамалары сәтті болсын”, – дейді Мырзағали Айтжанов.

Бұған дейін Илья Ильин де денсаулығына байланысты спорттағы мансабын аяқтайтынын айтқан еді. Спортшы Түркіменстанда өткен әлем чемпионатына қатысқан жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау