Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділбек Ниязымбетов әзербайжан боксшысын жеңіп, жартылай финалға шықты

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан 81 келі салмақта өнер көрсеткен Әділбек Ниязымбетов әзербайжандық Теймур Мамедовты айқын басымдықпен жеңді.

6fb53918e66c9d28cb63f2ffdbaef2d8_XL

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Бірінші раундтан-ақ Әділбек қарсыласынан басым түсті. Екінші раундта Теймур Мамедов жиі шабуыл жасауға тырысты. Алайда қазақ бокшысы сауатты қорғана білді. Соңғы шешуші раундта Әділбек Ниязымбетов  ширақ қималдап, жеңісті қолдан берген жоқ. Есеп 3:0. Қазақ боксшысы келесі кезеңге жолдама алды

Енді Әділбек Ниязымбетов жартылай финалда ұлыбританиялық Джошуа Буатсимен қолғап түйістіреді. Қос қарсылас арасындағы бәсеке 17 тамызда Астана уақытымен түнгі 03:30-да басталады.

Айта кетейік, Теймур Мамедовтың анасы қазақ қызы. Шымкентте дүниеге келген. Бұл боксшы бұған дейін Лондон Олимпиадасында қола жүлдегер атанған. Сондай-ақ, екі рет әлем біріншілігінде медаль иеленген. Еуропа ойындарының чемпионы.

Әділбек бұған дейін 1/8 финалда беларусь боксшысы Михаил Долголевецты оңай жеңген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, боксшыларымыз биыл алғаш рет Олимпиадаға толық құрамда барған болатын. Кеше 91 келідегі Василий Левит финалға шықты. Сондай-ақ Қайрат Ералиев, Біржан Жақыпов, Берік Әбдірахманов,  Абылайхан Жүсіпов жарыс жолынан шығып қалды.

 

Талқылау