Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әділбек Ниязымбетов ақтаулық жастарды салауатты өмір салтын ұстауға шақырды

Ақтау қалалық білім бөлімі «Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны «Оқушылар орталығы» жанынан құрылған «Ақжелкен» аула клубы танымал боксшылар Әділбек Ниязымбетов пен Берік Әбдірахмановтың жастармен кездесуін ұйымдастырды.

20160525033357

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20160525033417

«Ақжелкен» аула клубының ұйымдастырушы-педагогы Амангүл Жылгелдиеваның айтуынша, бүгінде балалардың түрлі үйірмелерге қатысып, ұнаған спорт түрлерімен айналысуларына барлық жағдай жасалған. Сондай ақ, түрлі деңгейде дәстүрлі түрде көптеген мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өткізіліп келеді. Болашағынан зор үміт күттіретін спортшылар да аз емес.

20160525033402

«Біздің клубта каратэ, таэквондо, кикбоксинг, сондай-ақ туризм және жас физик үйірмесі жұмыс жасайды. Клубқа тұрақты келіп спортпен айналысып жүргендер саны 400-ге жуық. Әсіресе, Қуанғали Дастанұлы, Сағындық Сариев, Сәуірбек Жаңабаев, Балнұр Орынбасарова және Ермек Асанов сияқты қызметкерлердің еңбегі жоғары. Олар білім саласының дамуына және өскелең ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жұмыстар атқарып жүр», – деді ол.

20160525033412

Басқосуда сөз алған Әділбек Ниязымбетов пен Берік Абдрахманов, жастармен осындай тұрақты кездесулер өткізіп тұруға қарсы еместігін айта келе, өздерінің спортта жеткен жетістіктері мен жеке өмірі туралы баяндап берді. Барлық сұрақтарға тұшымды жауап берген былғары қолғап шеберлері, жастарға өмірде дұрыс таңдау жасауға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, алдағы Бразилия астанасы Рио Де Жанейрода атой салуға барынша тырысатындарын айтты.

Талқылау