Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әдейі жалған хабар жіберілген қазақстандық шенеуніктер тексеруден дұрыс өте алмай қалды

Киберқауіпсіздік мақсатында әдейі хабарлама жіберілген 6 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер тексеруден дұрыс өте алмай қалды.

Үкімет мәліметінше, күмәнді электрондық хабарламаны 6 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер ашып оқыған. Хатта жалақының жоғарылайтыны жөнінде жазылған.

Бұл туралы ҚР қорғаныс және аэроғарыш саласының вице-министрі Тимур Шәймергенов мәлімдеді.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметкерлерге жалақының өсуі туралы жалған ақпарат пен фишингтік хаттар жіберілген. Бұл әдетте алаяқтардың пайдаланушылардың жеке деректерін алу үшін пайдаланатын әдісі.

“Бірінші күні мемлекеттік қызметкерлердің алты мыңға жуығына хат жолданды. Келесі күні сіз күмәнді хаттарды ашпауыңыз керек және сізге абай болу керек деген хабар жіберілді. Екінші күні деңгей 60% -ға төмендеді”, – деп хабарлады вице-министр.

Шаймергенов атап өткендей, тәжірибе нәтижесінде хакерлік қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін мемлекеттік қызметкерлерді оқыту қажеттілігі анықталды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау