Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ademi үй қызметшісінен бас тартып, үйдегі бар шаруаны өз мойнына алды

Гастролдетіп, жер аралап, кейде айлап үй бетін көрмейтін жұлдыздардың 90%-ы үй қызметшісін ұстайды десек, артық айтқандық болмас. Жалқаулықтан емес, той-томалақтың көптігінен, уақыттың тапшылығынан әртістер үй шаруасымен онша айналыса бермейді. Ал әнші Ademi үй қызметшісінен бас тартып, бар шаруаны өз мойнына алды.

1461666840

Әншінің айтуынша, бұл қадамға оны ұлы Диар итермелеген.

«Бір күні түскі ас кезінде ұлым: «Анашым, бала күтушіні де не болмаса басқа да қызметкерлерді қаламаймын. Соларсыз-ақ өмір сүріп көрейікші, саған көмектесуге уәде беремін», – деді. Жақсы ғой. Бірақ енді үйдің бар шаруасы өз мойнымда. Үй тазалау, кір жуу, үтіктеу, ас әзірлеу, баламның сабағы, бәрі-бәрі… Әрі мен өнер адамымын, шығармышылығымды да дамытуым керек. Уақыт тапшы», – деп жазды Ademi желідегі парақшасында.

Ademi-1

Желі қолданушылары әншіні қолдады. Уақыттың тығыздығына қарамастан, Ademi спортпен де шұғылданатынын айтты.

Жіберіп алмаңыз: 

Ұйымдастырушылар Ninety One тобының Ақтөбеде өтпей қалған концерті үшін 6 миллион теңге талап етуде

Актер Бен Стиллер қатерлі ісік ауруына шалдықты

Алтынай Жорабаеваның қос бүлдіршіні бет күтімін қалай жасау керектігін көрсетті (видео)

Асхат Садырбай Ninety one тобының әнін ұнатып, стилін сынға алды

Талқылау