Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адельдің Hello атты бейнебаяны Gangnam Style видеосынан озып, рекорд орнатты

Адельдің орындауындағы Hello әнінің бейнебаяны YouTube желісінде 88 күннің ішінде миллиард астам рет қаралып, рекорд орнатты. Оның  жақын бәсекелесі PSY-дың Gangnam Style видеосына мұндай рекордтқа жету үшін 159 күн керек болған.

567b11677b874_Adel-2(1)

Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.

2015 жылдың 22 қазанында жарыққа шыққан Адельдің бейнебаянын бір күн ішінде 27,7 миллион адам қараған. Осыдан кейін күн сайын 10 миллион рет қаралып, елдің қызығушылығын арттыра түскен. Нәтижесінде, 19 қаңтар күні бейнебаян 2,5 миллиард рет қаралыпты.

Адель Лори Блю Эткинс – заманауи әншілелердің ішіндегі ең табыстысы. 2008 жылы жарық көрген «19» атты пластинкасы оның екі рет Грэмми сыйлығымен марапатталуға себепші болды. Ол «Ең үздік жаңа әртіс» және «Әйелдер арасындағы үздік орындаушы» номинациясы бойынша алған еді. Екінші альбомын Ұлыбританияда «мыңжылдық бестселлер» деп атады. 2015 жылы шыққан «25» атты альбомы да рекордтық көрсеткішке ие болған.

Талқылау