Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адасқандар": Алтынай Жолдыбаеваның жігітпен құшақтасып түскен суреті желіні шулатты

«Джейран» тобының солисі Алтынай Жолдыбаева желіге бір жігітпен құшақтасып түскен суретін жүктеп, жұрттың сынына қалды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Алтынай

Әлеуметтік желідегі парақшасында модельмен жақындасып тұрған суретін салған әнші халықтың жағасын ұстатты. Өнер иесі тек сурет жүктеп қоймай, картинаға ат қоюды да оқырмандарына тапсырған.

«Суретімізге кім жақсы атау берер болса, сториске саламын», - деп жазған өнер иесі жұрттың ашуын келтірді.

 

Алтынай Жолдыбаеваның бұл әрекетін оқырмандары сынға алды. 

 

«Мұндай сурет өте ұят, ұят-ай», «Адасқандар» деген бағыттағы пікірлердің саны көп болды.

Талқылау