Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамның көңіл-күйін киімінің түсіне қарап анықтаңыз

Жарнама мен сайт құрастырушылары түстердің көмегімен түрлі қулық жасайды. Мысалы, төлем аппараттарының батырмаса көбінесе жасыл түсті болады. Себебі, бұл түс адамды өзіне тартып, бойына сенімділік дарытады. Ал қызылдың жайы басқаша. Мұндай қулықты күнделікті тұрмыста бейсаналы түрде қолданамыз. Олай болса әңгімелесушіңіздің киімінің түсіне қарап, оның көңіл-күйін анықтап көріңіз.

_90608121_dutchman-2

Фото: Zhazira Rasul

Қызыл түс – айналасындағылардың назарының жетіспеуі

Ұзақ әңгіме тыңдауға дайындалыңыз. Қошемет сөздерді көбірек айтуға тырысыңыз. Оған айналасындағылардың назары жетіспегендіктен, өзіне қолдау көрсететін адам іздеп жүр. Сіз сол адам болуыңыз да ғажап емес.

Көк түс – мәселенің шешімін іздеген жан

Бұл түсті кәсіби мамандар жақсы көреді. Ол назарды бір бағытта тұрақтандыруға көмектеседі. Сондықтан көк киімді адамға сандар мен фактілер керек.

Сары түс – әңгімешілдік

Күн түстес киім киген адамдар мейірімді келеді. Олар айналасындағыларға қамқорлық танытып, достасуға әзір. Көбінесе шығармашылық тақырыбында сөйлесуге тырысыңыздар. Алайда сары түсті қарасымен үйлестіретіндерден сақтаныңыз. Олардың көңіл-күйлері құбылмалы келеді.

Жасыл – жайлылық

Жасыл түсті тыныштықты ұнататын жандар киеді. Олар әдетте көңілді кештерге бармайды. Көпшілік ортаны ұнатпайды. Тек оңашада сырласуды жөн көреді. Мұндай адамдармен сөйлескен кезде сабырлық танытып, эмоция атаулысын шетке ысыру керек.

Күлгін – өмірдің мәнін іздеп жүр

Күлгін түсті діншіл, өзін жоғары бағалайтын, жан дүниесі тепе-теңдікке құралған жандар таңдайды. Олар пәлсафалық тақырыптарда көп ойланады. Мұндай адамдармен өмірдің мәні сынды тақырыптарда әңгіме айтуға болады.

Қызғылт – көңіл көтеріп, ләззаттанғанды ұнатады

Тамақ, үй, жылу сынды тақырыптарды қорықпастан көтере беріңіз. Алайда қызғылт түсті қарасымен үйлестіретін адамдар арам пиғылды келеді. Олардан аулақ жүрген жөн.

Алқызыл – бала сүю, мейірім

Мұндай адамдар әдетте аспанда қалықтап жүреді. аздап қиялға жақын. Оларды сандар мен фактілер мүлдем қызықтырмайды. Тек еліктіре түсетін қызықты оқиғалар қажет.

Қара – басқарғанды ұнатады

Мұндай адамдармен сырласып отырып оған бағынышты екеніңізді көрсеткеніңіз жөн. Міндетті түрде оның қолдауы мен көмегі керек екенін айтып отырыңыз. Мұнымен қатар, өміріңіздегі қуанышты сәттер туралы баяндаудың қажеті шамалы. Олар бар жақсы тек өздерінде ғана болуы керек деп ойлайды.

Қоңыр – тұрақтылық

Оларды тұрақты, адал, сөзіне берік жандар қызықтырады. Егер оның алдында жоба таныстырып тұрсаңыз, нар тәуекел сөзін ауызға алмаңыз.

Ақ – ерекше болуға ұмтылу

Ақ түсті киімдерді ұнататын жандар өздерін жоғары бағалайды әрі кірпияз келеді. Жұрттың назарында болғанды ұнатса да, ешкімді жеке өміріне араластырмайды.

Сұр түс – жалғыздық

Бұл киімдердің иесінің күш-қуаты таусылған. Дәл қазір ол жалғыз қалып, терең ойға батқысы келіп жүр. Сұр түсті құпиясы көп адамдар киеді. Оларға артық сұрақ қоймауға тырысыңыз.


Жіберіп алмаңыз:

Мәдениетсіз ер адам киноға барған Астана тұрғынының көңіл-күйін бұзды

Шаршаған адамды құшақтап көңіл-күй сыйлайтын мақпал сөмке (фото)

Киімнің түсі адам көңіл-күйіне қаншалықты әсер етеді (фото)

Ғалымдар көңіл-күйді көтеруге әсер ететін ерекше құлаққап ойлап тапты

Талқылау