Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желі қолданушылары спиритизмдік сеанстар туралы қорқынышты оқиғаларымен бөлісті

Уиджа тақтасының мүмкіндіктерін пайдаланып көрген адамдар қорқынышты оқиғаларын бөлісіп жатыр. Себебі, аталған тақта адамның қашан ажал құшатынын дәл болжайды.

13_ouija

Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлайды.

Әйелдер мен еркектер уиджа тақтасын пайдаланғанның салдарынан қорқынышты оқиғаларын бөлісуге мәжбүр. Олар тіпті Reddit желісінде ортақ форум құрған. Сол жерде желі қолданушылары өздерінің аталған тақтаны қалай пайдаланғандарын жазып отырады. Осы тақтаны пайдаланған соң, олардың барлығы дерлік адам айтса нанғысыз жағдайға душар болған екен. Әлгі тақта көбінесе адамның қашан ажал құшатынын болжайды. Ең бастысы, сол болжамы орындалады.

Тақтаны әлі пайдаланып үлгермеген адамдар өзгелерден кеңес сұраған. “Тақтаны қолданып көргендер бар ма? Батыл жүректілер, тақтаны қолданып көрген болсаңдар, ол туралы не айтар едіңдер? Тәжірибелеріңізді бөлісе отырыңыздаршы” деп жазады олар. Осы секілді сауалдарға 200-ден астам пікір жазылып, желідегілер тәжірибесін бөліскен. Бұл пікірлерді оқып шыққан адамның тақтаны қолданғысы келмей қалады.

Бір жігіттің әкесі достарымен бірге уиджа тақтасымен ойнап отырған. Ойын барасында сол жерде отырған жігіттің қайтыс болатындығы туралы жазылған. Артынша бір аптадан кейін әлгі жігіт, расымен де, қайтыс болып кеткен. Енді біреулері оны 12-13 жастарында пайдаланып көргендерін айтады. Сол уақытта тақтада “Мен сені терезе арқылы бақылап жүрмін”, “Сенің көзің арқылы мен айналадағының барлығын көре аламын”, “Қазір көліктің астындамын” деген жазу шыққан. Бала көліктің астынан өлгелі жатқан қара, үлкен мысықты көреді. Осыдан кейін үйге жүгіріп кіріп, екінші рет тақтаны қолына алмайды.

39A1805D00000578-3864202-image-a-14_1477318400832

Матари есімді қолданушы үйінде әлдеқандай тылсым күштің бар екенін байқайды. Осыған орай, аталған тақтаны сынап көрмек болады. Достарымен жиналып отырған кезде тақта “Джемма Джейн” есімін жазып шығады. Бұл – сол жерде отырған жігіттердің бірінің биологиялық анасының аты-жөні. Олардың досы өзін қазіргі ата-анасының асырап алғанын білмеген.

Енді бірде “Әпкем жүріп жүрген жігітіне тұрмысқа шыға ма?” деп сұрайды. Тақта “Жоқ” деп жауап қайырады. Артынша “Олар сонда айырылысып кете ме?” деп сұрайды. Тақта тағы да “Иә” деп жауап қайырады. Жағдайды түсінбеген бала “Сонда олардың біреуі қайтыс болып кете ме? Олар бір-бірін шексіз сүйеді. Айырылысатындай себеп жоқ” дейді. Бұл жолы да тақта “Иә” деп жауап қайырады. Осы оқиғадан кейін бір апта өткен соң, әпкесінің жігіті қайтыс болып кетеді.

Енді бір қолданушы аталған тақтаны 10 жасында қолданып көрген екен. Бір сұрақты тақтаға қайталап қоя берген. Бірнеше минуттан соң, ол асүйге барып су ішпек болады. Асүйге кіре берген кезінде барлық әйнек ыдыс сынып кетеді. “Әзірдің өзінде өзімді жайсыз сезініп жүрмін” дейді жасөспірім. 14 және 15 жастағы құрбылар да аталған тақтаны түнде пайдаланып көрген. Бір қызығы, көздерін жұмып-ашқан сәтте таң атып кеткен. Осылайша, өмірлерінің 10 сағатын жоғалтып алғандарын айтып жатыр. Тіпті, соңғы түні не істегендері естерінде жоқ. Олар бұл туралы Reddit желісінде жазады.

39A1804D00000578-0-image-a-1_1477216677776

Тағы басқа екі дос тақтадан “Бізден басқа кім бар?” деп сұрайды. Ол “Руфь” деген есімді жазып шығады. Сол жерде отырғандардың Руфь есімді екі танысы биыл қайтыс болған. Бұлардан өзге жігіт тақтаны 6 сыныпта пайдаланып көрген. Ол да “Бөлмеде бізден басқа кім бар?” деп сұрайды. Тақта “Рут” деген есімді жазып шығады. Бұл – жігіттің қайтыс болған әжесінің тегі әрі немере әпкесінің досының есімі. Ол екеуі де биыл қайтыс болған. “Біз тақтаны қайтадан қорабына салып қойдық. Үйге келген соң, оны шкафтың ішіне қойдым. Оны көрген кезде өзімді жайсыз сезінетін едім. Сол себепті, бірнеше жыл өткен соң қоқысқа тастадым” деп жазады ол.


Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та жасөспірім комадан есін жиған соң бірден испанша сөйлеп кеткен

Иті иесін бетперде киіп шабуылдаған қорқынышты сайқымазақтан құтқарды

Ғалымдар: Әйелдер ерлерден қарағанда еңбекқор

Әлемдегі таң қаларлық қызықты жайттар

Талқылау