Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамдарға жағымды нәрсе жасаймын: Самат Смақов бейтаныс адамдарды құттықтап видео жазады

Танымал қазақстандық футболшы Самат Смақов «Ақтөбе Таймс» басылымына берген сұхбатында өзіне мейірімділіктің кедергі болатынын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Адамдарға жағымды нәрсе жасаймын: Самат Смақов бейтаныс адамдарды құттықтап видео жазады

«Менің әлсіздігім мен тым сенгішпін. Қазір ондай ашық болмайға тырысудамын. Тіпті, менің орынбасарымның өзі маған тым жұмсақ басшысың деді. Жарайды онда, әзірге бірінші жылы ғана мейірімдімін», – дейді Ақтөбе футбол клубының бас директоры қызметін атқарып жүрген Самат Смақов.

Дегенмен, бұрынғы футболшының айтуынша ол адамдардың өтінішінен бас тартуды үйреніп және көптеген таныстарына қатысты көзқарасын өзгерткен.

«Кейбіреулер мен директор болған соң, барлық достарым мен туыстарымды жұмысқа орналастыруым керек деп ойлайды. Онда бүкіл кеңсе мен футбол командасын менің достарым мен туыстарым басып қалар еді», – деп күледі Смақов.

Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланады және жанкүйерлерімен де сөйлесіп тұрады екен. Ол тіпті бейтаныс адамдарды құттықтайтынын да айтты.

«Үнемі маған мүлде таныс емес адамдар менен жақындарын туған күн немесе үйлену тойымен құттықтауларын сұрайды. Бірнеше күн бұрын Ақтөбеде қызды болған отбасына құттықтау жібергенмін. Бұл мен үшін қиын емес. Бір минуттық видео түсіремін немесе видеоқоңырау арқылы құттықтаймын», – дейді Самат.

Смақовтың сөзінше, бұрын ол сыни-пікірлерге қатты ренжіп қалатын, бірақ қазір ондайға назар аудармау керектігін үйренген.

«Мені және футбол командамыздағы серіктесімді әлдебір ер адам үнемі жамандап жүретін. Содан біз оның кім екенін таптық. Кейін үйіне барып, босағасына кірсек мүгедектер арбасында отырған ер адамды көрдік. Не істерімізді білмей артқа бұрылып, кетіп қалдық. Футболшыларды көбіне ақша тігіп, қаражаттарынан айырылып қалғандар сынға алып, ұрсып жатады. Ал қалған жартысы 12-13 жастағы балалар», – дейді футболшы.

Әңгіме барысында ол өмірінде жіберіп алған негізгі мүмкіндігі туралы айтып берді. Футболшыны 2011 жылы Израильге ойнауға шақырқан, бірақ ол өз елінде келісімге қол қойып қойғандықтан ұсыныстан бас тартуға мәжбүр болды. Қазір футболшы сол таңдауына өкініп жүр екен.

Қазақстандықтардың сүйікті футболшысына айналған Смақовтың төрт баласы бар. Ол әйелімен 17 жасында кездескен. Ал болашақ жары ол уақытта 15 жаста болған. Қазір футболшы отбасымен Алматыда тұрады және көбіне әкесімен видеобайланыс арқылы сөйлеседі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау