Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамдардың жақсы және жаман болып бөлінуінің себебі анықталды

Швеция мен Ұлыбритания биологтары адамдарды жақсы-жаманға бөліну себебін түсіндірді. Зерттеу PLOS Computational Biology журналында жарияланды.

000000

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Жұмыс барысында адамдардың басым бөлігінде сол немесе өзге мінез-құлықтың қалыптасуына генетикалық бейімділік болатыны анықталған.  Мұндай тұжырымға ғалымдар  жануарлар мен адамдардың әлеуметтік өзара қарым-қатынасының эволюциясын зерделеуге мүмкіндік беретін математикалық модель әзірлей отырып  келді.

Микробтардың болуын сипаттайтын үлгіде биологтар адамдардың әлеуметтік эволюциясының үлгісін жасап көрді.  Олар басқаның қамын ойлауға ықпал ететін және кедергі келтіретін белгілердің өсіп-өніп таралуын болжады.

Адамдардың мінезі тұқым қуалайтын генетикалық факторлар жиынтығымен айқындалады. Атап айтқанда, қоғамның басқа мүшесімен байланысты қамтамасыз етеді. Мұндай өзара әрекет тікелей жеке тұлға үшін көбінесе тікелей зиянды болады. Алайда топқа қатыстылығын ұғыну  жағдайды өзгеше қабылдауға мүмкіндік береді.

«Біз бүгінде мұны мінез-құлыққа ықпал ететін басқа факторлармен бірге бірыңғай құрылым аясында зерттеуге мүмкіндік беретін модель әзірледік», – деді зерттеуді бірлесіп орындаушы Олоф Леймар. Ол зерттеушілер өз моделін эскпериментте тексеріп көрмекші екенін атап өтті.


Жіберіп алмаңыз:

Жуынуды мүлде қойып кеткен жігіт өмірінің жақсы жаққа өзгергенін айтады (фото)

Мамандар ұялшақ адамдардың мейірімді әрі жомарт болатынын айтады

Әзірбайжанда өлген адамдардың көздері кәдеге жаратылады

Алматыда бойы ұзын адамдардың кездесуі өтті (фото)

Талқылау