Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамдардан қорқады: Алматы барахолкасында есте сақтау қабілетінен айырылған жігіт жоғалып кетті

Мәди Қарамолдаев туыстарымен бірге Жамбыл облысынан Алматыға тауар алу үшін келген. Алайда тауарды тиеп болған соң 27 жастағы жігіт жоғалып кетті. Мәдидің есте сақтау қабілеті нашар әрі дұрыс сөйлей алмайды. Сол себепті де оны табу қиынға соғып отыр.

Адамдардан қорқады: Алматы барахолкасында есте сақтау қабілетінен айырылған жігіт жоғалып кетті

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Алматы” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дәурен Қарбозов 18 күннен бері туысын іздеумен әлек. Мәди қарашаның 20-ы күні жоғалып кеткен. Соңғы рет оны барахолка базарынан көргендер бар. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеода жігіт автотұрақ ішімен асығыс жүріп келеді.

“Бесінші сыныпта оқып жүрген кезде Мәди жарақат алған. Салдарынан сөйлеу қабілеті нашарлап кетті, бөтен адамдарды көрсе үркіп, сөйлей алмай қалады. Қиыны сол, ол өзі туралы қарапайым сұрақтарға да жауап бере алмауы мүмкін: есімі кім, қайдан келді, т.б. Сондықтан қазір ол кез келген жерде болуы мүмкін. Ол үшін қатты алаңдап отырмыз. Мен міне, екі аптадан бері ауылға қайтпай, Мәдиді іздеп жүрмін”, – дейді Дәурен Қарабозов.

Адамдардан қорқады: Алматы барахолкасында есте сақтау қабілетінен айырылған жігіт жоғалып кетті

20 қараша күні олар Мәди екеуі Жамбыл облысынан бірге келген. Мәди Қарамолдаев жоғалып кеткеннен кейін бірнеше сағаттан соң Дәурен полицияға шағым түсірген. Тәртіп сақшылары жігіттің фото-роботын жасап, керек мәліметтерді алды. Сол күні патрульді экипаж Қапшағай көпірінен күмәнді ер адамды анықтады.

“Азамат Түрксіб аудандық ІІБ-ға жіберілді, ол өзі туралы ешқандай мәлімет бере алмады, өзімен бірге құжаттары болмаған. Бірақ біз адамды үш сағаттан артық ұстай алмаймыз, ол кезде әлгі жігіттің Мәди Қарамолдаев екені белгісіз еді. Оны жібере салдық. Тек келесі күні жедел-іздестіру шаралары барысында Жетісу аудандық ІІБ қызметкерлері әлгі жігіттің Мәди екенін анықтаған”, – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Мәдидің туыстары ол туралы қандай да ақпаратқа ие адамдардан хабарласуды сұрайды. Отбасы оны тауып берген адамға сыйақы беруге де әзір.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау