Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамдар жиналып, егіліп жылады: Азиядағы ең үлкен тұлпар өліп қалды

Азиядағы ең үлкен тұлпар Барон ұлттық жарысқа қатысып, үйіне келе жатқан жолда өліп қалған. Иесінің сөзінше, ат кенеттен жерге құлап қалып, жан тапсырыпты.

Адамдар жиналып, егіліп жылады: Азиядағы ең үлкен тұлпар өліп қалды

Бұл туралы Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Баронның иесі Алмаз Колодшевтың айтуынша, ат 29 желтоқсанда Манас ауылында өлген. Ол тұлпардың өлімінің себебін білмейді.

Тұлпардың өліп қалғанын естіген адамдар жиналып, қайғырып, еңіреп жылапты.

Айта кетсек, Барон Азиядағы ең үлкен ат болған. Оның салмағы 920 келі болса, ұзындығы 187 сантиметрді құрайды.

Баронның құлындарын сатып алғысы келгендер көп. Алмаз құлындардың біреуін 10 мың долларға сатқан екен.

Ал Барон өлерден екі күн бұрын ол үшін 1 миллион доллар ұсынылған. Алайда Алмаз тұлпарын сатудан бас тартыпты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау