Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамдар тірі күйінде жейтін жәндіктер мен жануарлар (фото)

Бұл мақаламызда адамдар тірідей жейтін жәндіктер мен жануарлар жайлы әңгіме қозғаймыз. Жәндіктерді тірі күйінде жеу батыс елдерінде қалыпты жағдай саналады. Тіпті кей елдің ұлттық тағам қатарына жататынын да таңсық емес.

1471951675_zhivaya-eda-zhivotnye-kotoryh-edyat-zhivymiты

Мына құмырсқалар Европаныңжоғары класты мейрамханаларында қымбат деликатес саналады. Құмырсқаның 50 түрін табиғи йогурт пен кілегейге араластырады. Бұл тағам орамжапырақ салатының гарнирі есебінде жүреді.

Құрбақа
Бұл тағам Bullfrogs құрбақасынан жасалады. Бұл құрбақалар арнайы асүйлерде өсіріледі. Оларды аквариумде тірі күйінде жіберіп қояды. Оған тапсырыс бергенде бақаны өлтіріп, табаққа шала-жансар күйінде салып береді. Бақалардың еті өте жұмсақ болатын көрінеді.

Теңіз кірпілері

Теңіз кірпілері сирек кездесетін әрі қымбат деликатес есебінде. Оның еті сары түсті. Иісі де ерекше шығады.

Бұл Қытайда «Тірі-өлі балық» деген атаумен танымал. Балықты басын кесіп қуырады. Оның тездетіп жасалатыны соншалық, тапсырыс берушінің алдына келгенде балықтың көзі мен сүйектері қозғалып тұрады.

Ұлулар

Адамдар ұлуларды да тірі күйінде жейді. Онымен қатар ұлуды спирттік ішімдікке салып жеу әдетке айналған.

Касу марцу
Касу марцу құрт-дернәсілдермен толтырылған ірімшік. Адам жеу кезінде ірімшік астында құрттардың жыбырап жатқанына дейін ести алады. Сырт көзге жиіркенішті көрінетін бұл тағамды жеп көргендер оның шынында дәмді екенін айтады.

Одори Эби

Бұл «Билейтін шаян» аталып кеткен Жапонияның танымал тағамдарының бірі. Алдымен асшаянды ішімдікке аз уақытқа салып алады. Сосын үстіне дәмді соус құяды. Табаққа салынған кезде шаянның аяқ-қолдары қозғалып тұрады.

Мас шаяндар

Бұл шаяндар Қытайдың кей аймақтарының фавориті есебінде. Шаянды алдымен дастарханға қоймас бұрын ішімдікке салып алады.

Икизукури
Икизукури Жапонияның балықтан жасалған атақты жеңсік асының бірі. Тапсырыс алған соң балықтың ішін жарады. Дастарханға қойғанда бұл балықтар да дем алып, әлі жыбырлап тұрады.

Sannakji сегізаяқтары

Сырттай қараудың өзі жиіркенішті көрінетін сегізаяқтарды сүйіп жейтін де саны аз емес. Табақ үстінде жыбырлап жататын жәндіктерді әдетте  күнжіт майымен қосып жейді.

Талқылау