Адамдар не себепті ұйықтап жатып құлап кеткендей шошып оянады?

Сәрсенбі, 29 Маусым , 2016 18:35

Көп адам ұйықтап жатып құлап кеткендей күй кешіп жатады. Кейбіреулер осыдан кейін ұйқысын жалғастыра берсе, енді бірі шошынып қалып көз іле алмай дал болады.

2152

Сурет: mirfactov.com 

Ел аузында адамдардың жаны кеудесінен шыққанда немесе тылсым күштердің әсерінен осындай жағдайға тап келетіні айтылып жүр. Алайда, мұның бәрі ойдан шығарылған дүние. Шындығында адамның ұйықтап жатып құлап кеткендей шошып оянуы қалыпты миоклоникалық серпіліс деп аталады.

5942107733_d3a3e0deab_z

Адам ұйықтап жатқанда түс көре бастайды. Ал, түс көру төрт этаптан тұрады. Оның құлап кеткендей күй кешуі осы бірінші этап кезінде болады. Бұл туралы бірнеше теориялар бар. Біріншіден, адам ұйқыға бас қойғанда, барлық бұлшықеттері босай бастайды. Ал, ми жүйесі бұл уақытта жұмысын тоқтатпайды. Дененің босауы миға тікелей әсер еткеннен адам шошып оянады. Ал, өзге ғалымдардың айтуынша, адамда бір кездегі өңінде болған рефлекс қалыптасып қалған болуы мүмкін. Мәселен, сіз бір кездері ағаш үстінде құлап кетпеуді ойлап ұйықтаған бослаңыз, ол миыңызда жатталып қалады екен.

Кей адамдар ұйықтап жатып тоқ ұрғандай шошып оянады. Бұл сіздің  күніңіздің ауыр болғанына немесе уайым мен шаршаудан болуы мүмкін.

Мұндай жағдай 10 адамның 7-де кездеседі. Өмірінде бір рет осындай күйді бастан кешетіндер бар. Немесе жиі-жиі шошып оянатындар бар. Егер жиі қайталанатын болса, дәрігерге қаралған жөн. Алайда, ол денсаулыққа зиян емес. Тек тынысыңызды терең алып, қайта ұйықтап кетуге дағдыланыңыз.

Жіберіп алмаңыз:

Қай ұйқы адамға қатерлі?

Ғалымдар ұйқының бұзылуы есте сақтау қабілетін төмендететінін айтты

Ұйқыңыз қанық болу үшін 5 ережені ұстаныңыз

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар