Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамдар басын бөтелкеден шығара алмай қалған қасқырға көмектесті (фото)

Фотографтың басын бөтелкеден шығара алмай қалған қасқырды түсірген кездейсоқ суреті оны өлімнен құтқарды. Қасқыр аштықтан өліп кете жаздады.

Оқиға Үндістанның Нагпуре көлінде болды. Оны орманды суретке түсіруге келген фотограф құтқарып қалды. Аштықтан әл дәрмені қалмаған жыртқыш әрең қозғала бастаған. Фотограф оның суреттерін желіге жариялағаны сол бойда әлемге тез тарап кетті. Бұл сурет қоршаға ортаны қорғау символына айналуы мүмкін.

26 жастағы Танаю Панпалия есепші болып жұмыс істейді, бос уақытында суретке түсіреді.

Басымен әлек болған қасқырға тұқымдас қасқырлар алыстан қарап тұрған. Құтқарушылар келгенде де ұзап кетпей алыстан бақылаған.

Қасқырдың басындағы адамдар тамағымен тастап кеткен пластикалық ыдыс. Құтқарушылар жыртқыштың температуасы көтерілгендіктен екпе салып, біраз күтім жасады.

Қасқыр өзіне келгенде ешкімге шабуылдамастан кете барды. Ол адамдардың өзіне көмектесіп жатқанын жақсы түсінді.Қасқыр орманға қашып кіріп кетті. Фотограф оның босанан сәтін суретке түсіріп үлгермей қалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау