Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамбай түсірілім кезінде жақпай қалған актерлерге ортаңғы саусағын көрсететінін мойындады

КВН ойындары арқылы танылған актер Нұртас Адамбай соңғы жылдары кино әлеміне түбегейлі бет бұрды.

14240892_507583269442653_559978112_n

Өзі режиссерлік етіп, продюсер болып бірнеше отандық кинокартинаны жарыққа шығарған Адамбай бұл салада мол табысқа кенелді.

Халыққа «Келінка Сәбина», «Үш бойдаққа бір той», «Ауылдан қашу: операция махаббат» фильмдері мен «Ауылдан қашу» телехикаясын ұсынған режиссердің жақында «Тараз» кинотуындысы жарық көреді. Кинофильмнің экранға шықпай жатып-ақ халықаралық кинофестивальдерге жолдама алғанын хабарлаған едік.

Ал бүгін Адамбай ерекше жазба қалдырып, жұртты бір күлдіріп алды. Ортаңғы саусағын көрсетіп тұрған суретін жариялаған режиссер: «Ара-тұра түсірілім кезінде ақырын ғана актерлерге ортаңғы саусағымды көрсететінім бар», – деп жазды.

Желі қолданушылары Нұртастың бұл суретіне әбден күлді.

 

Талқылау