Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамбаевтың “Тараз” фильмі АҚШ фестивалінде екі бірдей жүлдені иеленді

Нұртас Адамбаевтың “Тараз” фильмі АҚШ-та өткен фестивалде екі бірдей жүлдені еншіледі.

0 Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. Нұртас Адамбаевтың “Тараз” кинокартинасы АҚШ-та өткен фестивальде жүлдеге ие болды. Қуанышты жаңалықты алғашқылардың бірі болып Нұртас Адамбай өзінің фейсбук парақшасында бөлісті. “Алақай! Қуанышты жаңалығым бар. Біздің “Тараз” атты жаңа туындымыз АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен Genre Celebration Film фестивалінде екі бас жүлдені ұтып алды: “Ең жақсы драммалық фильм”, “Ең жақсы операторлық жұмыс”. Бұл мұндай күрделі жанрдағы алғашқы туындым болғандықтан, мен үшін үлкен жеңіспен тең. Бізге сенім артып, жанкүйер болған және осы туындының өмірге келуіне атсалысқан жандарға алғысым шексіз! “Тараз” өзінің алғашқы сайысында-ақ жеңіске жетіп отыр. Қараша айында марапаттау рәсіміне барамын. Алға, Қазақстан!”- деп жазады Нұртас Адамбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. Аталған туынды еліміздің кинотеатрларында 6 қазаннан бастап көрсетіле бастайды. Фильмнің түсірілім жұмыстары Тараз қаласында өткен. Картина криманалды ауданда туып-өскен жігіттің тағдырын баяндайды.  Басты рөлдерде Нұртас Адамбаев, Гүлнәз Жоланова, Еркебұлан Дайыров, Кәмшат Жолдыбаева сынды танымал жұлдыздар ойнайды.
Жіберіп алмаңыз: Егізі Нұртас Адамбаевпен кездескісі келетінін айтты Режиссерлер айқасы: Нұртас Адамбай Тимур Бекмамбетовтің ұсынысына қарсы шықты Адамбай түсірілім кезінде жақпай қалған актерлерге ортаңғы саусағын көрсететінін мойындады Нұртас Адамбай неліктен үнемі көңілі толмай жүретінін түсіндірді
Талқылау