Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адам танымастай өзгерген қаңғыбас көптің көзіне жас келтірді (фото, видео)

Испанияда шаштараз қайырымды іс жасап, үйсіз қаңғыбастың шаш үлгісін өзгертті. Сол арқылы оның өмірінің «астаң-кестеңін» шығарды.

Main

Шаш үлгісі мен оның түсінің өзгеруі және жаңа киім үйсіз қаңғыбасқа жаңа өмірге жолдама алып берді. Имиджі өзгерген қаңғыбас айнадан алғаш көргенде өзін танымай қалды.

781

Жергілікті тұрғындар Хосете деп еркелете атайтын Хосе Антонио көшеде 25 жыл өмірін өткізді. Жуырда сұлулық салонының иесі Сальва Гарсия оны өзіне шақыртты. Шаштараз оның сақалын қысқартып, шашын қою қара түске бояп берді. Алғаш рет өз реңін көргенде Хосете көзіне жас алды.

680

«Құдайым-ау, мынау менмін бе?» – деген ол өз көзіне өзі сенбеді.

584

Қуанышы қойнына сыймаған Хосе шаштараздан шыға салысымен қаланы аралап серуенге шықты. Ал оның бұрынғы кейпіне үйренген тұрғындар Хосені көргенде таңырқап, қошемет көрсетті.

La Salvajeria салоны испандық телеарнаға сұхбат беріп, Хосе туралы бейнежазба желіде таралып кеткеннен кейін оның анонимді компаниядан қаржылай көмек алып тұрғанын ашып айтты. Содан бастап Хосе көшеде түнемейтін болды.

3106

«Бұл жай ғана имидж өзгерту емес. Ол менің өмірімді өзгертті», – дейді Хосенің өзі.

Бір қызығы сән салонының иесі өз еркімен Хосеге тегін көмек қолын ұсынған.

969

Ол Хосені ретке келтірудің оңайға соқпағанын атап өтті. Себебі оның шашы мен сақалы тым ұзын болып кеткен.

Шаштараз Хосенің шашын қою қоңыр түске бояп берді. Бұл үйсіз азаматқа жақсы жұмысқа орналасуға көмегін тигізді.

1257

Ал тұрғындар Хосеге ақ жейде мен бірнеше шалбар сыйға тартып қуантты.

Жіберіп алмаңыз:

Мұсылман ханзадасы әлемнің ең тартымды бойдақ жігіті атанды (фото)

Әкесі үш жасар қыздың жыланмен ойнап отырған сәтін түсіріп алған (видео)

Сәбиін иттің қарауына тастап кеткен ана көпшілікті таңғалдырды (видео)

Ғалымдар 700 жыл бұрын өмір сүрген кедейдің қаңқасынан оның түр-әлпетін жасады

Талқылау