Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адам өмірін 18 жылға ұзартудың құпиясы айтылды

Канадада бас қосқан дәрігерлер адам өміріне қауіп төндіретін аурулар мен олардың алдын алу, адам өмірін ұзартудың жолдарын атап отті.  Әр адамның өмірін 18 жылға ұзартуға болады екен. Ол үшін шылымнан бас тартып, дене шынықтырумен айналысу керек. Мамандардың зерттеу жұмысы PLOS Medicine журналында жарияланды.

спорт

Ғалымдар салауатты өмір салтын ұстанбау кем дегенде адам өмірін 6 жылға қысқартатынын анықтаған. Жастайынан дүниеден өтетін адамдардың 26 пайызының ажалы шылымнан екен. 24 пайызы дене шынықтырумен айналыспаудың салдары. 12 пайызы дұрыс тамақтанбау. Ал 0,4 пайызы спиртті ішімдіктің кесірінен болып жатады екен.

Шылым шегу ерлердің өмірін 3,1 жылға қысқартса, әйелдердің ажалын 3 жылға жақындатады екен. Ғалымдардың жасаған зерттеуінің қорытындысы бойынша, екі адамды салыстыра келе жаман әдеттерден бойын аулақ ұстағаны 17,9 жылға артық өмір сүретіні дәлелденген.

Ғалымдар осындай тоқтамға келмес бұрын 2009-2010 жылдардағы  Канада тұрғындарының денсаулығы жайлы құжаттарды жинаған. Бұған дейін шведтік оқымыстылар адам  өлімін шылым мен физикалық қозғалыстың аздығы жақындата түседі деген қорытынды жасаған еді.

 

Талқылау