Адам денсаулығына қауіптілігі ең жоғары және ең төмен ұялы телефондар анықталды

Эксперттер Xiaomi смартфонын нарықтағы сәулелендіруі ең көп телефон деп таныды. Зерттеуді Statista компаниясы Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Сарапшылар 2018 жылдың ең үздік смартфондарын атады

Антирейтингке қытай компаниясының төрт моделі кірді. Бірінші орынды Xiaomi Mi A1 смартфоны, үшінші орынды Xiaomi Mi Max 3, алтыншы орынды Xiaomi Mi Mix 3 және он бесінші орынды Xiaomi Redmi Note 5 телефоны иеленді.

Сонымен қатар, аналитиктер тізімге Apple компаниясының екі өнімін IPhone 7 және IPhone 8 телефондарын кіргізді. Олар тоғызыншы және он төртінші орынды алды.

Компания парақшасында сәулелендіруі төмен телефондарды да жариялады. Samsung Galaxy Note 8 тізімде бірінші орында тұр. Оның үстіне олар тізімнен 16 орынды алды. Төртінші, бесінші, алтыншы орынға Samsung Galaxy А8, Samsung Galaxy S8+ и Samsung Galaxy S7 edge смартфондары жайғасты. Компанияның флагманы Samsung Galaxy S9 — тоғызыншы орынды, он екінші орынды — Samsung Galaxy J6+, он төртінші орынды —Samsung Galaxy J4+, он бесінші орынды Samsung Galaxy S8 алды.

Тізімді жасағанда аналитиктер Германиядағы радиациялық қорғаныс федералды агенттігінде бар мәліметтерді қолданды.

 

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр