Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адам да, көлік те жүре алмайды: Елорда іргесінде ауыл тұрғындары өңірді су басқанын айтып шағымданды

Көктемгі тасқын басталды. Елорда іргесіндегі Қаражар ауылының жұртшылығын еріген қар суы әбігерге салуда. Қызыл су әсіресе елді мекеннің шетіндегі жер үйлерді басып қалған. Қазір құтқарушылар қолда бар техникамен суды сорғызып әлек.

Адам да, көлік те жүре алмайды: Елорда іргесінде ауыл тұрғындары өңірді су басқанын айтып шағымданды

Алайда тұрғындар оның өзі телеарна келген соң пайда бола кетті дейді, деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

"Мен қазір Қаражар ауылының орталық көшелерінің бірінде тұрмын. Ондағы судың деңгейін қандай екенін көріп тұрсыздар. Мұнда адам жүрмек түгілі, көліктің өзі әрең өтіп жүр. Міне жаңа ғана көз алдымызда, жеңіл көлік қар суына батып қалды. Абырой болғанда, оны көріп қалған тұрғындар дер кезінде көмекке келіп, оларды жағаға шығарып алған".

Көлікке міген отағасы айы-күні жақындаған жүкті келіншегін қалалық перзентханаға алып бармақ болған екен. Бірақ, теңізге айналған жолдан олар мінген машина өте алмады. Үсті-басы малмандай су болып, кері қайтуғамәжбүр болды. 

"Машина су ішінде. Ішінде су. Мен көліктің ішіндегі балаларымды ойлап, қорқып кеттім. Қазір машина суға құлап кете ма деп", дейді тұрғын.

Күн жылынып, қар ерігелі осылайша Қаражар ауылының  тұрғындарынан маза кеткен. Көшелердің барлығы тобықтан асатын батпақ, одан қалды аулаларды су басып қалған. Алма Рақметқызы мына ағаш көпірді өз қолыммен салыпты. Көпбалалы ана бұл жағдай жыл сайын қайталанатынын айтып, жыларман күйде тұр.    

«Қазір МЧС-ті алып барам. Көзімен көрсетем қазір мен. Үйімді он жыл бойы теңіз болып, суға кетем. Жылдам МЧС-ті шақыртам. Өзім 7 баланың анасымын. Он тоғыз жан он соттық жерде тұрамыз», - деді өзге тұрғын. 

Ауыл көшесінде қоныштан келер суда резеңке етіксіз жүру мүмкін емес. Көлігі барлар көлшікті кешіп өтіп жүр. Бірақ, жаяу жалпылап жұмысына шыққан тұрғындармен, мектепке баратын кішкентай балалар үшін жағдай қиын.

«Мына бала бақшаның көшесінде тұрамыз. Осындай көл болып жатыр. Кеше үш балам түсіп кетіп, етігінің ішінің бәрі су болып келді», - дейді тұрғын Гүлмира.

Тұрғындар жыл сайын жергілікті әкімдіктен жолымызға ең болмаса қиыршық тас төсеп берсе деп жалынып келеді екен. Ал ондағылар болса.

«Олардың айтатыны, өздерінің пландап қойған қағаздары бар. Сол бойынша қатырамыз дейді. Біз аңқау қазақ жақсы сөз айтса, соған алданамыз да жүре береміз. Осылай жылдан жылға жағдаймыз кейін болмаса, алға кетіп жатқан ештеңеміз жоқ», - деді тұрғын Дақай Дандан.

Тұрғындар жинала салысымен пайда бола кеткен Целиноград ауданы әкімінің орынбасары жолды жөндей салу біздің қолымызда емес деп, әңгіменің ашығын айтты. 

«Жол бойынша біз сметалық құжатты республикалық бюджеттің қарауына жібердік. Егер биыл ақша бөлінсе, биыл жөндеп берміз. Ол өкінішке орай біздің қолымызда емес», -дейді аудандық әкім орынбасары Тасмұрат Қатқадамов. 

Ал төтенше жағдайлар қызметінің өкілі жағдайды бақылауда ұстап отырмыз дейді. Су көтерілген соң қолда бар техниканың бәрі осында жұмылдырдық деп сендіруде. Сондай-ақ, ол кешке дейін осындағы көліктер батып қалып жатқан көлді жоқ қыламыз деп жұртқа уәде беріп кетті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр