Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ӘЧ-2019: Хоккейден Қазақстан құрамасы Данияны ойсырата жеңді

Жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Данияны 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Бұл ынталандыру кезеңінің екінші ойыны болатын. Бұл туралы Stan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ӘЧ-2019: Хоккейден Қазақстан құрамасы Данияны ойсырата жеңді

Қазақстандықтардың қақпасын алғашқы кездесудің қаҺарманы Демид Еремеев қорғады. Екі командаға да бұл күні жеңіс керек болатын. Есептің ашылуын жанкүйерлер ұзақ күткен жоқ. 35-ші секундта Қазақстан құрамасының капитаны Саян Данияр есеп ашты, ал бесінші минутта Давид Макуцкий оны еселеді. Екінші бөлімде айтарлықтай өзгеріс болмады.

Соңғы 20 минутта даттық спортшылар бар күшін шабуылға жұмсады, алайда Еремеевтен айласын асыра алмады. Ақырында Артур Гатиятов командаға тағы 2 ұпай алып келді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау