БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

ӘЧ-2018: Португалия Марокко құрамасын жеңді

Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатында Португалия мен Марокко құрамалары кездесті. Топтық кезеңнің екінші турында Криштиану Роналдудың командасы жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

ӘЧ-2018: Португалия Марокко құрамасын жеңді

Мәскеудегі “Лужники” стадионында өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Ойынның 4-ші минутында Криштиану Роналду соққан гол Португалия құрамасына жеңіс алып келді. Бұл – Криштианудың Португалия құрамасы үшін соққан 85-ші добы.

Ал Марокко құрамасы 1/8 финалға жолдама ала алмай қалған алғашқы команда атанды. Португалдықтар болса 4 ұпаймен В тобында көш бастады.

Топтық кезеңнің ақырғы ойынында Португалия Иран құрамасымен 25 маусым күні кездеседі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр