Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Әбу-Даби Плаза» кешеніндегі өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Астанада салынып жатқан «Әбу-Даби Плаза» көпсалалы  кешеніндегі өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.  Нысандағы өрт қауіпсіздігіне жауап беретін «НикаСтройСервис» ЖШС инженер қызметкерлері тергеліп жатыр.

image24830148_7aff1ecb8bcbf1539cdb1d927b9e5904

Сурет news.mail.ru сайтынан алынды

Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

«Қозғалған қылмыстық іс барысында 28.06.2010 жылғы № 295-IV  ҚР Заңына сәйкес нысанда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «НикаСтройСервис» ЖШС инженер қызметкерлері, сонымен қатар құрылыс компаниясының қызметкерлері тергеліп жатыр», – делінген  Р. Иманқұловтың хабарламасында.

2016 жылы 13 ақпанда бүгін сағат 4:40-та кезекші бөлімге «Abu Dabi Plaza» кешеніндегі өрт туралы хабар түскен.  Хабарлама түскеннен кейін 10 минут ішінде өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жетті. Сағат 8.25-те тілсіз жау ауыздықталып, өрт сағат 10:44-те толық жойылды.

Салынып жатқан «Әбу-Даби Плаза» кешеніндегі өрттің тарауын және ғимараттағы жағдайды жоғарыдан байқап, оған баға беру үшін Еврокоптер 145 ҚР СІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ  тікұшағы жұмылдырылды.

Жапа шеккендер жоқ. Өрт сөндірушілер 150 жұмысшыны қауіпсіз жерге шығарды. Жалынмен күреске биік ғимараттардағы өртті сөндіруге арналған биіктігі 88 метр «BRONTO SKYLIFT» техникасы тартылды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 78 өрт сөндіруші мен 27 өрт сөндіру техникасы және Астана қалалық ІІД 12 техникасы мен 24 адамы жұмылдырылды.

Талқылау