Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әблязовтың қатысы жоқ: Министрлер ғаламтор ақауынан хабарсыз болып шықты

Соңғы күндері елімізде интернет жылдамдығы жиі-жиі азаятын болды. Бұған не себеп болды? Ғаламторды өшіретін кімдер? Жауапты министрліктер бұдан хабардар ма?

Әблязовтың қатысы жоқ: Министрлер ғаламтор ақауынан хабарсыз болып шықты

Бұл жайлы 31- арнаға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұны Әблязовтың тікелей эфир жүргізуімен байланыстырады. Алайда, ғаламтор жылдамдығының күн сайын азайып жатқанына Әблязовтың еш қатысы жоқ көрінеді. Өйткені, жауапты министрлер бұл мәселеден мүлдем хабарсыз сияқты. 

Тілшілердің соңғы уақытта ғаламтордың, әлеуметтік желілердің дұрыс ашылмай, жұмыс істемей жүр деген сұрағына аң-таң болған ҚР премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев «Иә? Қазіргі таңда жұмыс істеп тұр ғой иә» деп жауап берді. Премьер-министрдің орынбасарының сөзіне қарасақ, биліктегілер ғаламтор ақауынан хабарсыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау