Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әблязов Бельгияның азаматтығын алу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр

Қазақстандық экс-банкир Мұхтар Әблязов бизнесмендер Фаттах Шодиев пен Әлиджан Ибрагимовке қарсы куәгерлік ету арқылы Бельгия азаматтығын иеленбек.

Сурет: Forbes.kz

Бұл туралы Dispatch Weekly басылымы жазды.

Әблязов осылайша соңына түскен Ұлыбритания, Украина, Ресей және Қазақстанның өкілдерінен қорғанбақ. Басылымның хабарлауынша, қазақстандық миллиардер жаз айларынан бері Бельгия комиссиясының президенті Дирк Ван дер Мэлономмен құпия келіссөздер жүргізіп келген. Қараша айының соңында ол Брюсселде куәгерлік етпек.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда Әблязов 20 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиін енгізуге қатысты өз пікірін айтты

Медведев қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуалға қатысты пікір білдірді

Бақытжан Сағынтаев Қырғыз премьерін орнына қойды

Шекарадағы жағдай: Сағынтаев Қырғызстанға 5 шарт қойды (видео)

Талқылау