Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбілязов, Храпунов және Трамптың байланыстары туралы деректі фильм жарық көрді (видео)

АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы бизнес-серіктесі Феликс Сатер және Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов пен БТА Банкінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязовтың күмәнді байланыстарын баян ететін филм жарыққа шықты. Оны голландиялық Zembla бағдарламасы жемқорлықты және ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығымен біріге отырып түсірген.

Деректі фильмді түсіру үшін авторлар сұхбаттар жасап, Кипр, Белиз, Нидерланды, Украина, Қазақстан және АҚШ-тағы сот пен компаниялар құжаттарын зерттеген. Онда Bayrock компаниясы мен Сатердің Храпуновтың біріккен кәсіпорыны – Казбейдің жоспарларын жария етеді.

Бұдан бөлек Әбілязов пайдаланған голландиялық компанияның да рөлі айтылады. Онда сондай-ақ, Сатер мен Храпунов жасасқан миллион долларлық келісімдер де әшкере болған. Financial Times басылымының жазуынша, Сатер АҚШ-та әртүрлі компаниялар арқылы жылжымайтын мүлікті инвестициялау үшін Храпуновтардың отбасына көмектескен.

Ал Храпуновтардың бұрынғы бельгиялық қызметкері Николас Бург сотта Храпуновтардың инвестиция үшін пайдаланған миллиондаған долларларын Әбілязов аударып отырған дегенді айтыпты.

Тағы да оқыңыз:

Алмазбек Атамбаев Назарбаев қатысатын саммитке барудан бас тартты

Досым Сәтпаев: Атамбаев Қазақстанға тиісу арқылы өз елінде «қыран» болып көрінгісі келетін «ақсақ үйрек»

Мұхтар Алтынбаевтың ұлы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

Сапарбаев президент екеуінің арасында болған әңгімені көпшілікке айтты

Талқылау