Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мұрат Әбенов: Жастарда жер мәселесінде біржақты түсінік қалыптасқан

Жер реформасы бойынша комиссияның алғашқы отырысында қоғам қайраткері, комиссия мүшесі Мұрат Әбенов жастар арасында жер мәселесіне қатысты біржақты ғана түсінік қалыптасқанын айтты.

1

Фото: thenews.kz

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

“Жастардың арасында жер мәселесіне қатысты тек бір жағы ғана айтылады. Яғни, эмоциалық жағы ғана байқалады. Ал жер реформасы не үшін жасалып жатыр, нарықтық айналымға енгізу не үшін қажет деген мәселелерді көбісі білмейді. Сондықтан бүгінгі күні Жер реформасы не үшін жасалғанын кеңірек түсіндіруіміз керек сияқты”, – деді қоғам қайраткері.

Оның атап өтуінше, жастардың, әсіресе қазақ жастарының арасында ақпарат дұрыс жетпейді. Мәселен, оңтүстік өңірдегі жастардың қаржылық сауаты жоқ. Олар қалай несие алу керек, компания қалай ашу керек деген мәселелерді білмейді.

20160514112507

20160514112419

“Соңғы жылдары қаланың азаматтары ауылға көп баратын болды. Қалада оқыған қазақтың жас жігіттері ауылдан бизнес ашуда. Себебі, тиімді жағын байқады. Ал ауылдың жастары керісінше, қалаға қашып жатыр. Менің ойымша, осы жағдайды дұрыстау үшін жастарға көбірек ақпарат беруіміз керек”, – деді Мұрат Әбенов.


Оқи отырыңыз:

Мұхтар Шаханов: Жерді шетелге жалға беруді де тоқтату керек

Гүлзира Айдарбекова Жер кодексіне қатысты мәселеде президентті өзімен салыстырды

Рысбек Сәрсенбайұлы жер кодексіне енгізілген өзгерісті хабарлап сүйінші сұрады (видео)

 

Талқылау