Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбенов: “Террористер тізімінен” қайта-қайта қате шығып жатса, өлім жазасын қалай енгіземіз

[:kk]

Мұрат Әбенов соңғы уақытта талқыланып жатқан өлім жазасын енгізуге қатысты өз ойын айтты.

3d28c84ad125f97376ddb99a0df4f018 (1)
Сурет: ca-news.org 
"Ақтөбеде болған жағдайдан кейін өлім жазасын қайта еңгізу туралы ұсыныстар айтылып жатыр. Құқық қорғау органдары террористердің тізімінде қайта-қайта қателіктер анықталып жатқанда ондай үзілді-кесілді қадамға баруға болмайды. Жазықсыз адамдар өлім жазасына тартылса, ол «қатені» түзету мүмкін емес. Ол бүкіл қоғамның мойындағы ауыр күнә болып қалады", - деп жазды Мұрат Әбенов Facebook желісіндегі парақшасында. Бұған дейін ақтөбелік Данияр Уайысов өз-өзін іздеудегі  терроршылар тізімінен көріп таң қалған. Ол жұртқа өзінің тірі, бостандықта және террорист емес екенін түсіндіргісі келеді. Жаңажол орта мектебінде сантехник болып жұмыс істейтін 43 жасар Самат Қожаниязов та осындай жағдаймен бетпе-бет келген еді. Оның да аты-жөні 5 маусым күні шабуыл жасаған лаңкестер тізімінің бел ортасында жүрген. Ішкі істер министрі ақтөбеліктің «өлтірілгендер» тізіміне қалай түсіп қалғанын түсіндірген болатын. Айта кетейік, сенатор Серік Ақылбай өлім жазасын енгізуді ұсынған еді. Егер жоғарғы заң шығарушы органның бастамасы қолдау тапса, Ақтөбеде сойқан салған содырлар өлім жазасына кесіледі. Оның үстіне жақында президент те, қолына қару алып кісі өлтірген адам өлім жазасына кесілу керек деген еді.[:]
Талқылау