Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абель Санчес: Уэйд Головкин үшін қауіпті

WBA/IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес Доминик Уэйд қарамағындағы спортшы үшін өзінің жастығымен және жеңіске ұмтылысымен қауіпті екендігін мәлімдеді.

450_55b0baac423e0

Сурет sports.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Доминик жас, жеңіске деген құлшынысы және әлі күнге дейін жеңілмегендігімен қауіпті. Олардың бізге икемделуіне тура келеді, біз оларға икемделмейміз. Геннадий бұл жекпе-жек IBF титулын міндетті қорғау екенін түсініп отыр, егер одан бас тартсақ, айырылып қалатын едік», – дейді Санчес.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин мен Доминик Уэйд арасындағы жекпе-жек 23 сәуір күні Лос-Анджелесте өтеді.

Талқылау