БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әбдіжаппар: Алматыда пәтерде тұрғанда 3-4 жас үлкен жігіттердің өзін жұмсап қойып отыратынмын

Әбдіжаппар Әлқожа өзінің балалық шағын, отбасы мен араласатын ортасы жайлы ашық айтты. Айтуынша, ерте есейгендіктен өзінен үлкен жігіттермен дос болып өскен.

Бұл туралы әнші Ләйлә Сұлтанқызына The Эфир бағдарламасында айтты. 

“Мен өзімді 30-34 жас аралығындағы азамат ретінде сезінем. Жасым 26-да. Ерте бастан өзімнен үлкендермен араластым. Мектепте 3-4 жас үлкен балалармен сөйлесетінмін. Сыныпта көшбасшы болдым десем де болады. Күшім көп болсада, тіл жағынан алды болдым. Кейін Алматыға келгенде де солай жалғасты. Ересек балалармен пәтерде тұрдым. 3-4 жас үлкен балалардың өзін жұмсап қойып отыратынмын. Сол себепті өзімді тез есейгендей сезінем”, – дейді әнші.

Әнші үйдің кенжесі болғандықтан ата-анасына еркелеп өскен. Әлі де еркелейтінін жасырмады. Тіпті анасын немерелерінен қызғанып қалатын жағдайлар кездескен.

Әбдіжаппар бала күнінде қауын-қарбыз егіп, мақта теріп өскенін айтты. Бүгінде ата-анасына қаржылай көмектесу міндетін мойнына алғанын, ата-анасын Алматыға көшіріп әкелу ойында барын жеткізді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр