Әбдіжаппар Әлқожа ата-анасы мен әпкесінің өтінішімен үйленгенін ашық айтты (видео)
Соңғы жылдары еліміздегі хитмендер қатарына қосылған Әбдіжаппар Әлқожа отбасылы екенін біразға дейін жасырып келген еді. Інісінің құпиясын Роза Әлқожа ашқан болатын. Ол Әбдіжаппардың бірнеше жыл бұрын отау құрғанын, бүгінде екі бала тәрбиелеп отырғанын айтқан-ды, деп жазады Stan.kz тілшісі.
Ал кіші Әлқожаның өзі осы уақытқа дейін жұбайы туралы тіс жармаса да, оны ешқашан жасырмағанын айтады. Тіпті, аса таныла қоймаған шағында жарын отандық бағдарламалардың біріне қатыстырған екен. Желіде телеэфирге шыққан Әбдіжаппар мен оның жұбайының видеосы пайда болды. Онда Әбдіжаппар ата-анасы мен әпкесінің өтінішімен үйленгенін мойындап отыр.
“Ата-анамды ойлап үйлендім. Роза әпкем: “Сен өнерге қадам басып келе жатсың. Әнші ағаларың сияқты жүріп қаласың. Қазірден үйленіп ал”, – деді. Сосын Мейіргүлге ұсынысты мен өзім жасаған жоқпын. Роза әпкенің өзі: “Қызың бар ма?” – деді. “Бар” дедім. Нөмірін сұрап, Мейіргүлге өзі хабарласты. “Дайынсың ба тұрмысқа шығуға?” – деді. Бұл енді шыны керек жылап жіберді. Мейіргүлдің апасына звондады, екі жақ құдалар келісіп, сөйтіп үйлендік”, – дейді ол.
Өз кезегінде келіншегі әншіні сырт көзден қызғанатынын, алайда амалсыз көнетінін мойындады.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.