Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбден шатастырды: Тәуекел Мүсілімнің тағы бір қызбен түскен суреттері тарап кетті

Мыңдаған қазақ қыздарының арманына айналған Тәуекел Мүсілім жұртты әбден шатастырды. Желіде актердің тағы бір қызбен бірге түскен суреттері тарап кетті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Әбден шатастырды: Тәуекел Мүсілімнің тағы бір қызбен түскен суреттері тарап кетті

Жуырда Тәуекел арманындағы қызды кездестіргенін, оған болашақта үйленуге дайын екенін жеткізді. Тіпті, оның өзінен 11 жасқа кіші екенін жасырмады.

Осы мәлімдемесінен кейін желіде Тәуекелдің белгісіз бойжеткенмен түскен суреттері пайда болды. Көпшілік актердің сүйіктісі сол деп топшылады.

Алайда күні кеше желіде Тәуекелдің тағы бір қызбен түскен суреті жарияланды. Фото авторы Тәуекел мен бойжеткенге бақыт тілеген.

Мұны көрген желі қолданушылары әбден шатасқандарын айтуда. Кейбірі тіпті, Тәуекелді “қызқұмар” деп айыптаған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау