Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абайдың қанатты сөздері қоғамдық көліктерге ілінді

Ұлы Абайдың – еңбек, ар-намыс, ел бірлігі мен ұрпақ келешегі жайында айтқан қанатты сөздері Талдықорғандағы қоғамдық көліктерге ілінді.

1344853324_abay-kunanbaev
Сурет abai-inst.kz сайтынан алынды

Бұл турралы 24.kz хабарлайды

«Пайда ойлама, ар ойла», «Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан», «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын».  Аялдамада тұрған адамдар автобустың қабырғасына жапсырылған сөздерге ерекше ықыласпен зер салса, іште отырғандар көлік салонындағы жазуларды оқиды. Қазір қаланың барлық бағыттағы қоғамдық көліктерінде осындай жазулар бар.

“Болашақта бұл іс өзінің жалғасын табады деген ойдамыз. Жалпы бұл акцияны қоғамдық көлік жүргізушілері де, қала тұрғындары да қолдап жатыр”,- дейді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының кеңесшісі Рүстем Қалиев.

Талқылау