Абай ескерткіші Қырғызстан, Мысыр және Македонияда бой көтереді

Сәрсенбі, 25 Қараша , 2015 15:04

Абай Құнанбаевтың ескерткішін Қырғызстанда орнату жөнінде нақты тапсырма болса, Мысыр мен Македония ескерткіш орнатуды өздері ұсынып отыр.

Бұл туралы zakon.kz порталында өткен «Министрге сұрақ қой» атты онлайн-конференцияда ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.-деп хабарлайды Қазақпарат.

абай

«Қазақтың ұлы ақыны Абайдың мәртебесі тек еліміздің көлемінде емес, шет елдерде де асқақ екені белгілі. Абай есімімен еліміздің әр елді мекенінде көше, оқу, мәдениет ұйымдары аталып, барлық бас қалаларында және ірі елді мекендерінде ескерткіштер орнатылған. Соның ішінде, Астана қаласындағы Абай даңғылы мен Әуезов көшелерінің қиылысында Абайдың монументалды ескерткіші  бой көтерген», – деді министр.

Сонымен қатар ол Абай Құнанбаевтың шет елдерде тек шет тілдеріне аударылған шығармашылығы арқылы ғана танымал еместігін, оның есімімен  Баку, Ташкент, Бішкек, Каир, Берлин, Дели, Киев   қалаларында көшелер аталған деп өткен.

«Ал оның монументалды ескерткіштері Ресейдің Мәскеу қаласының орталығында, Ташкент (Өзбекстан) қаласында, Венгрия, Иран, Қытай елдерінің бас қалаларында орнатылған. Бұдан өзге Абай ескерткішін жуық мерзімде Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) орнату жөнінде тапсырма бар. Сондай-ақ, оның ескерткіштерін  Мысыр Араб Республикасының Каир қаласында, Македонияның Скопье қаласында орнату жөнінде шет елдерден ұсыныстар бар», – дейді А.Мұхамедиұлы.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар