Абай болыңыз: балаңыздың бойындағы қауіпті дерттің 5 белгісі

Жексенбі, 17 Шілде , 2016 21:17

Бізде аурудың белгісі тек әлсіздік пен өзін нашар сезіну деген пікір мығым қалыптасқан. Алайда адам өзін қалыпты сезінсе де, бойындағы қауіпті дерттен сыр беретін кішігірім нышандар бар. Сондықтан балаңыздан төменде аталған қауіпті белгілерді байқаған болсаңыз, бірден дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз абзал.

boleet_rebenok_v_bolnice

Талу – қысқа мерзімді естен тану

Естен тануды «sos» белгісі ретінде қабылдау керек. Себебі олар  15-35%  жағдайда жүрек ырғағындағы өмірге қауіп төндіретін бұзылуды аңғартады. Осы ретте балалардың ауру белгілерін дәл сипаттап бере алмайтыны қиындық тудырады. Дәл осы себепті баланың естен тануына куә болған ата-анасы не басқа да ересек адамдар бұл жағдайды балалар дәрігерінің не балалар кардиологінің ескеруінсіз қалдырмауы тиіс. Сонымен қатар синкопальді жағдайлардың да тексеруді қажет ететінін білу керек. Егер балада себепсіз әлсіздік, бірден бозару ұстамалары болса және денеге ауырлық түскеннен кейін жиі жатып демалуды қажетсінсе, баланы кардиологке қаратқан жөн.

Не істеу керек: алаңдауға ешқандай себеп болмаса да, бала кемінде 3-4 жылда бір рет жүйелі түрде кардиологке қаралып, электрокардиографияға түсуі керек. Кейбір жүрек аурулары (мысалы, жүрек бұлшық етінің белгісіз дертінің алғашқы сатысы, жүрек соғуының ырғақсыздығы, кейбір жүрек кеселі, өкпе артериясы гипертензиясы және жүрек-қан тамырлар жүйесінің басқа да аурулары) жағдай ушығып, ауру асқынға дейін сыр бермеуі мүмкін.

Қозғалыссыз қатып қалу

Бала аяқ асты қимылсыз қалып, меңіреу күйге түседі. 15-20 секундтан  кейін қайтадан өз қалпына келіп, әдеттегі әрекеттерін жалғастырады. Дәрігерлер тілінде мұндай жағдай «тырысқақсыз жалпылама ұстама» (абсанстар) деп аталады. Бұл, әдетте, 5-7 жаста басталатын қояншық дертінің бір түрі. Қайталанып тұратын ұстамалардың қысқа мерзімділігі себепті, мұндай қояншық түрі ұзақ уақыт назардан тыс қалуы мүмкін.

Не істеу керек: шұғыл түрде неврологтың кеңесі қажет. Егер алдын-ала шаралар қолданбаса, қояншық дерті қауіпті түрге өтуі мүмкін.

Бірден азу

Егер бала бірден арықтап және ол көп мөлшерде несеп шығуы, тері мен шырышты қабықтың құрғауымен қатар жүрсе, дереу қант мөлшерін анықтау үшін қан талдауын жасаңыз. Бұл қант диабетінің 1 түрінің белгілері. Ересектерге қарағанда, қант диабеті балаларда тез дамиды. Сондықтан алғашқы белгілерін жіберіп алмау өте маңызды.

Не істеу керек: дереу эндокринолог маманның тексеруі қажет.

Ыстық көтерілуі, бас ауруы, құсу

Мұндай белгілер көбіне бірқатар жұқпалы ауруларда орын алады. Олардың ең қауіптісі – миқұрт (менингит). Миқұрт дертіне шалдыққанда көбіне жарық пен дыбысқа сезімталдық артады. Аурудың нақты белгілері – өзіндік қалыбы (бала аяғын ішіне алып, басын шалқайтқан күйде бір қырынан жатады, нәрестелерде тырысу белгілері болуы мүмкін) мен аса сезімталдық (тері жабындысының аса сезімталдығы).

Не істеу керек: дереу ауруханаға жатқызу қажет.

Ошақты (парицалдық) тырысқақ

Дененің белгілі бір аумақтарында пайда болатын бұл тырысулар кезінде естен тану орын алмайды. Бірақ беттің жарты бөлігі немесе аяқ тырысып, тартыла бастайды. Бұл қорқынышты құбылыс – мидың ошақты зақымдануы. Ол жарақаттар, жұқпалы аурулар немесе мидағы ісіктің нәтижесі болуы мүмкін. Егер ауру белгілері үдеп, таңертеңгілік жүрек айну, құсу, бас айналумен қатар жүрсе, баланы емдетуге асығыңыз.

Не істеу керек: неврологиялық тескеруден өту қажет.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар