Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай Бегейдің үйленуге дайындалып жүргені рас па?

Жуырда ғана тұңғышын ұзатып, дүйім жұртты жылатқан Абай Бегей тағы бір тойға дайындалып жүр. Алайда әнші қуаныштың нақты уақыты белгілі болмайынша, ол туралы жақ ашпаймын деп бекініп отыр.

Фото: Абай Бегейдің желідегі парақшасынан алынды

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Әнші тұңғышы Әйгерімді ұзатқан кезде барынша тырысып баққанын айтады. Себебі:

“Ақшам көп болғаннан емес, анасының жоқтығын білдірмейін, қызымның көңілін түсірмейінші деп, қызым қалай айтты, соның барлығын қолымнан келгенше жасап бердім. Себебі “анам болғанда, былай болар ма еді” деп айтпасыншы деп қызымның барлық қалауын орындадым”, – дейді Абай Бегей.

Әнші отбасында тағы бір тойдың болатынын меңзеп қалды. Алайда:

“Отбасыңдағы той болсын, жақсылық болсын, ол болмай жатып халыққа жария қылуға болмайды. Өзім сондай ұстанымдамын. Мен қазір олай емес десем, болып кетуі мүмкін. Сол себепті уақытында көрейік”, – деп түсіндірді әнші.

Жіберіп алмаңыз:

Алуа Қонарова “Жыл таңдауы” жобасының әділетсіз өткенін айтып ашынды

Продюсер Тәстембеков Айқын мен Жұлдыздың құпиясын ашып қойды

Индира Расылхан Динара Сұлтаннан еш кем еместігін айтып, Мейрамбекке ренжіді (фото)

Әнші Ренат Баситов нәрестелі болды

Талқылау