Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай Бегей: Жас қызға үйленіп, жаңалық ашсам мейлі екен

Күні кеше ғана немерелі болып, “ата” шеніне ие болған Абай Бегей екінші рет шаңырақ көтерген кезде үлкен сынға ұшыраған еді. Өнер иесі өзінен 16 жас кіші қызды жар етемін деп дауға қалды. Арада бірнеше ай өтсе де, халық тарапынан жағымсыз пікірлер саны толастар емес.

Гүлзира Айдарбекова: Абай әйелінің үстінен әйел алып, бір отбасын жылатса, тойында отырмаған болар едім

Бұл ретте Абай Бегей тағы да бір рет жас қызға үйленуінің себебін түсіндірді. Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасындай айтылды, деп жазады Stan.kz тілшісі.

“Әркім әрқалай түсініп, неше түрліні айтып жатыр. Мен де мың ойландым, негізі үйленбеймін деп жүргенмін. Барлығымен ақылдасып келгенде үйлену керек болды”, – деген Абай Бегей жас қызға үйленіп, жаңалық ашпағанын мәлімдеді.

“Менің әкем анамнан 16 жас үлкен болған кісі. Дүниеге 8 бала әкелген. 2 қыз, 6 ұлдың ішінде мен кенжесімін. Қазіргі алған әйеліммен арамыз 16 жас. Мен бір жаңалық ашып жатсам мейлі екен. Кішкентай қызды алуға менің де ұятым жібермейді.

Үйленбей кетемін, қыздарымды тәрбиелеймін деп ойлағанмын. Бірақ аналары қайтқанда кішкентай қызым 4 жаста еді, қазір оның өзі 8-ге келді. Олардың әкесіне айта алмайтын әңгімесі, сырлары болады. Өте қиын. Мен қашанғы үйіме жеңгемді алып келіп, “қарап берші” деп жүремін?! Бір жыл жеңгесі, келесі жылы тағы біреу қараса, ар жағында қайтемін деген ой болды.

Ешкімге мұндайды тілемеймін, өмір болған соң, не ері, не әйелі өмірден бірінші қайтады”, – деп ағынан жарылды әнші.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау