Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай Бегей ескі көлік құрастырып, оны жалға беріп жүр

Әріптестері бизнестің түр-түрін ашып жатқанда Абай Бегей байып кетудің өзге жолып тапқан. Әнші ескі көлік құрастырып, эксклюзивті өнімді жалға берумен айналысып жүр.

Абай Бегей ескі көлік құрастырып, жалға беріп жүр
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Бұл көлікті біраз жыл жасадым. Өте қиын болды. Жоқ көлікті табу қиын. Бүкіл темірлерін, дөңгелектерін Мәскеуден алдырттық. Сол көлікпен бейнебаян түсіреміз. Мақтанып отырған жоқпын, бірақ өзім жинауға қызықтым. Кубадан көріп, осы көлікті құрастырайыншы деп, соның артына түсіп кеттім”, – дейді Абай Бегей.
Бүгінде өнер иесі “Раритет” автокөлігін жалға беріп, табыс тауып отырған көрінеді.

“Достарым бар. Мысалы, жақындары үйленіп жатса: – Әбеке, фотосессияға керек еді, – деген кезде ешқандай ақша да сұрамаймын. Көмек болсын деп беріп жүрмін соларға. Өзіме де бұл көлікпен жүрген қызық. Бір демалып қаламын. Ескі 60-жылғы “Волга” болғаннан кейін ерекше әсер аласың”, – дейді Абай Бегей.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау