Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай аулындағы бала зорлығы: Жәбірленген бала мен зорлаған оқушылар қалай өмір сүріп жатыр

Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Айтпаева Түркістан облысы Абай аулында зорлық көрген баланың өмірі туралы айтып берді. Оның сөзінше, бала мектепке барған.

Абай аулындағы бала зорлығы: Жәбірленген бала мен зорлаған оқушылар қалай өмір сүріп жатыр

Алайда Айтпаева зорланған баланың қай елді-мекендегі мектепке барғаны туралы айтпады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Жаман жағдай орын алғанда, біз соны қаншалықты көп айтқан сайын, ол соншалық қалыптаса береді. Сондықтан мен оның қайда тұратынын, қай мектепте оқып жатқанын айта алмаймын», – дейді бала құқықтары жөніндегі уәкіл.

Сонымен қатар Сәуле Айтаева зорлаған оқушылар туралы да айтып берді. Оның сөзінше, мектепте оқып жатқан оқушылар ІІД бақылауына алынған.

Өзінің ауылдасын зорлаған кәмелетке болмаған балаларға берілген жазаның қаншалықты әділ екендігі туралы ойын айтқан Айтпаева жауапты Құран мен Інжіл тәрізді қасиетті кітаптардан іздеуге және балаларға жақындарын жақсы көруді үйретуге шақырды.

Сонымен қатар бала құқықтары жөніндегі уәкіл әлем бойынша зорлыққа қарсы жаза әлі табылмағанын атап өтті.

«Білесіздер ме, әлемде отбасы мен тұрмыста сексуалды зорлық-зомбылыққа тосқауыл қоятын жаза әлі табылған жоқ. Зорлыққа қарсы күресте Швейцария, Швеция, Голландия, Франция, Эстония тәрізді мемлекеттердің тәжірибесі үздік саналса да, бұл елдерде де осы тәрізді жағдайлар кездеседі. Бұл балалар (ред. 7 жасар баланы зорлағандар) өздерінің психикасын бұзу арқылы жазаланды. Өйткені, ең ауыр жаза — психикалық, эмоцианалдық жаза», – дейді Сәуле Айтпаева.

Еске сала кетейік, Сарыағаш ауданы Абай ауылында тұратын 7 жасар баланың зорланғаны туралы ақпарат қоғамда қызу пікірталас туғызды. Баланың әжесі құқық қорғау органдарына немересін жоғары сынып оқушылары зорлап келгенін айтып арызданған. Бұған қатысты қылмыстық іс қозғалған еді.

Бұған дейін Түркістан облысы Абай ауылында тағы бір жеткіншек зорлық ісіне қатысты шағымын айтты. Ол өзін ауылдас жігіттердің зорлағанынайтып, көмек сұрады. Бас прокуратура Абай ауылында зорланды делінген екінші балаға қатысты пікір білдірді. Ал, ұсталған төрт күдіктінің үшеуі 14 жасқа толмаған болғандықтан, іс жабылды

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау